Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф электрондық жүйе арқылы төлеу кезінде мынадай мөлшерлерде белгіленсін:
1) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға - 90 (тоқсан) теңге;
2) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға - 180 (бір жүз сексен) теңге;
3) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға - 90 (тоқсан) теңге;
4) электрондық жол жүру құжаты арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қала маңындағы қатынаста - бір километр үшін 8 (сегіз) теңге;
5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде - 180 (бір жүз сексен) теңге;
6) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде - 250 (екі жүз елу) теңге;
7) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде - 180 (бір жүз сексен) теңге;
8) қала маңындағы қатынаста қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - бір километр үшін 11 (он бір) теңге 50 тиын.