ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 59 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.19.04. № 28 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
1-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.19.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Іскерлік байланыстар» құралы және «Бизнес-мектеп» құрамдауышы бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді, «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы бойынша «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының базасында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, қаржылай емес қолдау операторы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.