«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 37 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;
7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес «Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;
20), 21), 22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) осы қаулының 27-қосымшасына сәйкес «Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;
31), 32), 33) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: