«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 3 тамыздағы № 304 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаментіне келісу үшін өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті жолдайды;
12) Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментіне өз құзыреті шегінде қызметті қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға техникалық өзіндік ерекшеліктерін ұсынады;
13) өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына қол қояды;