Введите номер документа
Прайс-лист

Iшкі істер органдарының кадрында тұрған және арнаулы әскери атағы бар қазақ республикалық «Динамо» дене тәрбиесі-спорт қоғамы қызметкерлерінің қызмет өткеру тәртібі мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 13 қазан 1992 ж. № 861

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 13 октября 1992
Статус
Действующийвведен в действие с 13 октября 1992
Дата последнего изменениявторник, 13 октября 1992

Iшкi iстер органдарының кадрында тұрған және арнаулы әскери атағы
бар қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамы
қызметкерлерiнiң қызмет өткеру тәртібі мен шарттары туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 13
қазан 1992 ж. № 861

Хұқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң шекара және iшкi әскерлердiң жеке адам құрамының дене тәрбиесi мен арнайы даярлығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мүдделi тараптардың келiсуi бойынша:

Қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамының республикалық және облыстық кеңестерiнiң аппаратындағы "Динамо" шеберлер командасында iшкi iстер органдарының орта және аға басшы құрамдағы адамдарымен ауыстыруға жататын лауазымдар тiзбесiн бекiтсiн;

ҚРДСҚ "Динамосының" iшкi iстер органдарының кадрында тұратын және арнаулы әскери атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын iшкi iстер органдарының басшы құрамындағы адамдардың тиiстi категорияларына белгiленген лауазымдық жалақысына қарайлас белгiлейтiн болсын;

ҚРДСҚ "Динамосының" республикалық және облыстық кеңестерi аппаратында, "Динамо" шеберлерiнiң командаларында iшкi iстер органдарының орта және басшы құрамдағы адамдарымен ауыстыруға жататын лауазымдар бойынша шектi арнаулы әскери атақтарды анықтасын.

2. Iшкi iстер органдарының орта және басшы құрамындағы адамдармен ауыстыруға жататын ҚРДСҚ "Динамосының" қызметкерлерiн iшкi iстер органдарының кадрына қабылдауды, сондай-ақ оларға бастапқы әскери атақ берудi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жүргiзедi.

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2 абзацы күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.12.27.
              № 1644 қаулысымен. 

3. Iшкi iстер органдарының кадрында тұратын және арнаулы әскери атағы бар ҚРДСҚ "Динамосының" қызметкерлерiн ақшалай және материалдық қамтамасыз ету Қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамының қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.

     Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами