ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ОДАН ӘРI ДАМЫТУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ 30 желтоқсан 1993 ж. № 1313
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрi дамыту әрi кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсiп ынтымақтастығын дамыту Шаралары (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
Министрлiктер мен ведомстволар Шараларды жүзеге асыру, Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бағдарламалар мен ұсыныстарды уақтылы әзiрлеп оларды қазақ-иран үкiметаралық бiрлескен комиссиясына ұсыну жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
2. Үкiметаралық бiрлескен комиссияның қазақ жағы Қ.Қ. Байкенов Шаралардың орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн, министрлiктер мен ведомстволардың бағдарламалары мен ұсыныстарын негiзге ала отырып үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсiп ынтымақтастығының кешендi бағдарламасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекiтуiне ұсынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1313 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы
арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық
және өнеркәсiп ынтымақтастығын дамыту жөніндегі
Шаралар
(Кесте)