Введите номер документа
Прайс-лист

«Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесін жаңғыртудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 сәуірдегі № 289 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 9 апреля 1993
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 апреля 2010

Түркiстан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғыртудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 сәуiрдегі № 289 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 265 Қаулысымен күші жойылды

 

Республикалық және халықаралық маңызы бар орта ғасырлық сәулет өнерiнiң ескерткiшi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн сақтау жөніндегі Түрiк Республикасының игiлiктi қызметiн ескерiп әрi ескерткiштердi жаңғырту және бiр қалыпта ұстау жөніндегі Түрiк мемлекеттік «Вакиф Иншаат» компаниясы жүзеге асырып жатқан жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. «Вакиф Иншаат» компаниясы Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғырту үшiн Түркиядан құрылыс материалдарын, техника, көлiк, жабдықтар мен механизмдер әкелiп, жаңғырту жұмысы аяқталған соң оларды керi жөнелту кезiнде кеден тарифi мен баж салығынан босатылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Еңбек министрлігі, Көлiк министрлігі, Мәдениет министрлігі, Қазақ азаматтық авиация басқармасы, Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Түркiстан қаласының әкiмдерi «Вакиф Иншаат» компаниясына Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғыртуда, материалдық-техникалық шикiзаттарды сатып алып, Түркiстан қаласына жеткiзуде көмек көрсетсiн.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами