Введите номер документа
Прайс-лист

Республикадағы экономикалық ахуал және ТМД-ға қатысушы-елдермен кредит-ақша қатынастары жөніндегі республикалық кеңестің мәселелері Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 29 маусым 1993 ж. № 550

Информация о документе
Датавторник, 29 июня 1993
Статус
Действующийвведен в действие с 29 июня 1993
Дата последнего изменениявторник, 29 июня 1993

Республикадағы экономикалық ахуал және ТМД-ға қатысушы-елдермен
кредит-ақша қатынастары жөніндегі республикалық кеңестiң
мәселелерi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы
29 маусым 1993 ж. № 550

Республикадағы экономикалық ахуал мәселелерi жөніндегі республикалық кеңестiң ұсыныстары мен кеңестерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, Экономика министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі "Қазконтракт" АҚ-ның және басқа да мүдделi ұйымдардың қатысуымен отандық тауар өндiрушiлердi республикада өндiрiлетiн шикiзатпен, тауарлармен және қызметпен басымдықпен қамтамасыз етудi ескерiп, екi апта мерзiмде республиканың iшіндегі шаруашылық байланыстарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Өнеркәсiп министрлігі, "Қазконтракт" АҚ-ы мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне елдiң импортқа тәуелдiлiгiн қысқарту, сондай-ақ импорт шикiзатын пайдаланатын тиiмсiз кәсiпорындарды жабу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi экономика министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Сыртқы iстер министрлігімен және Әдiлет министрлігімен сомдық аймақтағы елдермен ұлттық банктердегi 1992 жылғы және 1993 жылдың қаңтар-мамырындағы корреспонденттiк шоттардың нәтижелерi бойынша шоттарды тексеру мен реттеудi және мемлекетаралық тиiстi келісімдер әзiрлеудi кедергiсiз жүзеге асыратындығы ескерiлсiн.

4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Өнеркәсiп министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлiк министрлігі, "Қазконтракт" АҚ-ы мүдделi ұйымдардың қатысуымен бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Орта Азия мемлекеттерiмен сауда-экономикалық байланыстарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Энергетика және отын ресурстары министрлігінiң, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Экономикалық өзгерістер қорының қаражатын пайдалануды қайта қарау жөнiнде оны елдiң отын-энергетика жағынан тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге әрi республика экономикасының басқа мемлекеттерге тәуелдiлiгiн азайтуға барынша пайдалануды ескере отырып, ұсыныстар енгiзсiн.

6. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі Экономика министрлігімен бiрлесiп, стратегиялық шикiзат ресурстарының экспортына мемлекеттік монополия орнату жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық банкi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен Үкiметтiң Сомдық аймаққа қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары арасында есеп айырысудың жаңа тәртібі енгiзiлуiне байланысты төтенше жағдайлардағы iс қимылының Бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекiтуiне енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом