"Тоған" мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта ұйымдастыру
және оның құрамына енетiн акционерлік қоғамдардың акцияларының
мемлекеттік пакеттерiн сату туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 3 сәуірдегі № 381
1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Үкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасын орындау, экономиканы басқару жүйелерiн жетiлдiру, бәсекелестiктi дамыту және жекешелендiру процестерiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi:
"Тоған" мемлекеттік акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегi № 874 қаулысына сәйкес компанияда пайда болған акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiн және "Тоған" мемлекеттік акционерлік компаниясынан мемлекет мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын заңдарда белгiленген тәртiппен қайтарып алсын;
1-қосымшада көрсетiлген акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiн алсын және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн;
"Тоған" акционерлік қоғамына өзiнiң жарғылық қорын толықтыру үшiн қосымша құрылтайшылар таратуға рұқсат етсiн;
"Тоған" акционерлік қоғамына "Тоған" мемлекеттік акционерлік компаниясына жататын мүлiктi сатып алу құқығымен жалдау құқығын берсiн;
"Тоған" акционерлік қоғамы үшiн қажеттiлiгi шегiнде Алматы қаласы, Жандосов көшесi, 58-үй мекен-жайындағы әкiмшiлiк үйiн жалдауға рұқсат етсiн.
2-қосымшада санамалаған акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiн "Тоған" акционерлік қоғамына сенiмдi басқаруға берсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп "Тоған" мемлекеттік акционерлік компаниясының құқықтары мен мiндеттерi бойынша құқықтық мұрагерлерiн айқындасын.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi 1-қосымшада көрсетiлген акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiпте және мерзiмде сатсын.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Тоған" мемлекеттік акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегi № 874 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж. № 38, 437-бап);
"Тоған" мемлекеттік акционерлік компаниясының президентi және
Бақылаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетінің 1993 жылғы 4 қыркүйектегi № 809 қаулысы.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 3 сәуірдегі
№ 381 қаулысына
1-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi қолданылып
жүрген заңдарға сәйкес сатуға жататын акционерлік
қоғамдардың
Тiзбесi
"Ақтөбесуқұрылысы" АҚ
"Элмоника" АҚ
"Бастау" АҚ
"Темiрбетон" АҚ
"Айдын" АҚ
"СПМК-123" АҚ
"Ақмоламелиорация" АҚ
"Суқұрылысиндустрия" АҚ
"Шығысқұрылысмелиорация" АҚ
"Көкше-Су" АҚ
"Қостанаймелиорация" АҚ
"Қостанайауылшарсуқұбырықұрылысы" АҚ
"Маңғыстаусуқұрылысы" АҚ
"Водник" АҚ
"Оралсуқұрылысы" АҚ
"Павлодармелиорация" мемлекеттік холдинг компаниясы
"Ремстройтехника" АҚ
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.15. № 836
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 3 сәуірдегі
№ 381 қаулысына
2-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi кейiн
жекешелендiру құқығымен сенiмдi басқаруға
беруге жататын акционерлік қоғамдардың
Тiзбесi
"Алматымелиорация" АҚ
"Монтажарнаулықұрылыс" АҚ
"Жөнқұрылыстехника" АҚ
"Сауда-Жерсу" АҚ
"Жөнмелиоқұрылысмаш" зауыты АҚ
"Оргтехқұрылыс" АҚ
"Жамбылсуқұрылысы" АҚ
"Арна" АҚ
"Жерсу" АҚ
"Еңбек" АҚ
"Мелиорация" АҚ
"Шымкентмелиорация" АҚ
"Қазжайылымқұрылыс" АҚ