Введите номер документа
Прайс-лист

Аса маңызды ұшуларды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 19 сәуірдегі № 480

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 19 апреля 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 19 апреля 1996
Дата последнего измененияпятница, 19 апреля 1996

Аса маңызды ұшуларды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 19 сәуірдегі № 480

Аса маңызды ұшуларды орындау үшiн арнаулы авиакомпаниялар құру туралы қабылданған шешiмге сәйкес және олардың әзiрлiгiн ұйымдастыру мен қауiпсiздiгiн арттыруды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "AirFinance Europe" (Кайманов аралдары, Ұлыбритания) және "OrientEaqle Airways" (Қазақстан) үкiмет әуе флотының пайдаланушылары болып тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі "AirFinance Europe" және "OrientEaqle Airways" компанияларының әуе тасымалын жүзеге асыру құқығына лицензия берсiн және соңғысын пайдаланушы ретiнде тiркесiн, сондай-ақ оның Жарғысымен байланысты қызметтердi жүзеге асыру үшiн оның тапсырысы бойынша авиажелiлерiн пайдалану құқығына лицензия берсiн.

3. "AirFinance Europe" және "OrientEaqle Airways" компанияларына Қазақстан Республикасының аумағында үкiмет флотының әуе кемелерiне аэронавигациялық және әуежайлық қызметтер жөнiнде, аталған компанияларға жерде және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерден басқа, тегiн қызмет көрсетсiн, сондай-ақ авиация отынын ұлттық авиакомпания үшiн белгiленген бағалар бойынша босатсын.

4. Алматы қаласының әуежайы "Orient Eaqle Airways" компаниясы әуе кемелерiнiң базалық орны болып белгiленсiн.

5. ТУ-154Б № 85464 және ТУ- 134Ф № 65551 ұшақтары "А" литерi ұшуларын орындау үшiн жiберiлген ұшақтар тiзбесiнен алынсын, "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-н оларды коммерциялық пайдалануды жүзеге асыруға және аталған ұшақтарды мемлекеттік басқару органдарының тапсырысы бойынша ұшуларды ұйымдастыру үшiн беруге рұқсат етiлсiн.

6. Ми-172 № 25401 және Ми-8 МТВ-1 № 22957 тiк ұшақтарын "Orient Eaqle Airways" авиакомпаниясының балансына бере отырып, үкiмет әуе флотының құрамына қоссын.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi "Orient Eaqle Airways" авиакомпаниясының үкiмет әуе флотын техникалық жағынан дұрыс ұстауын және авиакомпанияның қызметiн жүзеге асыруын қолдауға қажеттi жылжымайтын мүлiктер мен мүлiктердi пайдалану мәселесiн Алматы қаласының әуежайынан үкiмет флотының ұшақтары үшiн тұрақ, ангардың оңтүстiк бөлiгiн, АЛТК үкiмет ұшақтарының бұрынғы учаскесiнiң техникалық бригадаларының үй-жайын, көлiк құралдарын орналастыратын орын, авиакомпанияның техникалық ғимараттарын салуға арналған жер учаскелерiн бөлудi көздей отырып шешсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!