Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Халықтық Банкінің Жарғылық қоры мен ішкі регламенті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 28 маусым № 826

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Халықтық Банкінің Жарғылық қоры мен ішкі регламенті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 28 маусым № 826

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Халықтық Банкінің Жарғылық қоры мен iшкi регламентi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы
28 маусым № 826

Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкінің 1995 жылдағы қызмет нәтижесiн қарап, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Халықтық Банкінің жарғылық қорын 762 514 000 теңгеге дейiн өсiру бекітілсiн және Қазақстан Халықтық Банкінің Жарғысына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.

2. Қазақстан Халықтық Банкi қызметiнiң iшкi регламентi бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).

     3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

"Қазақстан Республикасының Халықтық банкi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 4 шiлдедегi № 916 қаулысының 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 23, 264-бап);

"Қазақстанның Бiрiккен банкi" мемлекеттік банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 тамыздағы № 1101 қаулысы;

"З.Х. Кәкiмжанов туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 тамыздағы № 1102 қаулысы.

     Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 28 маусымдағы 1996 жылғы № 826 қаулысымен бекітілген

           Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi
                    қызметiнiң iшкi регламентi
 

Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi қызметiнiң iшкi регламентi (бұдан әрi - Регламент) "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 65-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Банктiң 100% акцияларының иесi болып табылатын кезеңдегi Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ банкi басқару органдарының қызмет тәртібін айқындайды.

     Банк акционерлерiнiң Жалпы жиналысының құзыретiне кiретiн
мәселелер бойынша шешiмдер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
қаулылары түрiнде қабылданады.

Осы Регламентке сәйкес Банктiң Байқаушы Кеңесiне Банк акционерлерi Жалпы жиналысының мына шешiмдердi қабылдау жөніндегі функциялары жүктеледi:

     Банк Жарғысын өзгерту туралы;
     Жарғылық қор көлемiн өзгерту (ұлғайту немесе кемiту) туралы;

Банктiң атқарушы органдарын, Тексеру комиссияларының мүшелерi мен аудиторды сайлау, сондай-ақ олардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы;

     Банктiң жылдық қызметiнiң нәтижелерiн атқарушы органдардың
есептерi мен Тексеру комиссиясының қорытындыларын қарау туралы,
пайданы бөлу мен шығындардың орнын жабу туралы;
     облигациялық заемдар шығарудың тәртібі мен шарттары туралы.

Банктiң Байқаушы Кеңесi Банк акционерлерi Жалпы жиналысының жоғарыда аталған функцияларын, сондай-ақ Банк Жарғысына сәйкес оған жүктелген функцияларды орындайды.

Банктiң жылдық қызметiнiң нәтижелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!