Бюджеттік қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1996 жылғы 31 шiлдедегi № 953
Бюджеттік ұйымдардың, қорғаныс және құқық қорғау ведомстволарының алған материалдық игiлiктерi мен көрсетiлген қызметтер үшiн берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетке салық және республикалық бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi бар кәсiпорындардың (ұйымдардың) жалпы сомасы 51637 мың (елу бiр миллион алты жүз отыз жетi мың) теңге берешегiн қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бiр жолғы есептеу жүргiзсiн.
Бұл сома аталған кәсiпорындарға (ұйымдарға) алған материалдық игiлiктерi мен қызмет көрсетулер үшiн берешегi бар бюджеттік ұйымдар мен құқық қорғау ведомстволарын қаржыландырудың есебiне есептелсiн.
2. Берешектi есептеу аталған соманы 1996 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.
3. Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдар бойынша осындай есептеу жүргiзу мүмкiндiгiн қарастырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 31 шiлдедегi
№ 953 қаулысына
қосымша
Салықтар және республикалық бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдер бойынша берешегi бюджеттік ұйымдарды, қорғаныс
және құқық қорғау ведомстволарын қаржыландыру есебiне есептеуге
қабылданатын кәсiпорындар мен ұйымдардың
ТIЗБЕСI
/мың теңге/
____________________________________________________________________
Кәсiпорындар мен ұйымдар.|Материалдық игiлiктер берушiлер мен қызмет
дың атауы, салық және |көрсетушiлер алдында берешегi бар бюджеттік
республикалық бюджетке |ұйымдардың, қорғаныс және құқық қорғау
төленетiн басқа да мiн. |ведомостардың атауы
деттi төлемдердiң түрлерi|__________________________________________
|Есептеуге| оның iшiнде
|қабылда. |________________________________
|натын | Iшкi әскерлер | Iшкi iстер
|берешек, | бас басқармасы| министрлігі
|барлығы | |
_________________________|_________|_______________|________________
1 | 2 | 3 | 4
_________________________|_________|_______________|________________
"Тың кен-химия комбинаты"
Мемлекеттік холдинг ком.
паниясының бiрiккен
энергия қызметi, Степно.
горск қаласы, Ақмола
облысы, барлығы 33066 2279 29178
оның iшiнде:
қосылған құнға салынатын
салық 14493 14493
экономиканы жаңғырту
қоры 18573 2279 14685
"Құрылыс" қаржы-құрылыс
корпорациясының Степногорск
құрылыс басқармасы" ак.
ционерлiк қоғамы, Степно.
горск қаласы, Ақмола
облысы
қосылған құнға салынатын
салық 2983 1849 1134
"Қостанай мұнай өнiмдерi"
акционерлік қоғамы
Қостанай қаласы, қосылған
құнға салынатын салық 2580 1580
"Светоч" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi,
Алматы қаласы,
қосылған құнға салынатын
салық 9600
"Арғымақ" акционерлік
қоғамы, Жамбыл қаласы,
қосылған құнға салынатын
салық 666 666
Ақтау электр желiлерi
басқармасы, Ақтау қаласы,
қосылған құнға салынатын
салық 1619
"Мұнайгазқұрылыс" мемле.
кеттiк холдинг компаниясы,
Ақтау қаласы,
қосылған құнға салынатын
салық 1123 1123
--------------------------------------------------------------------
Жиынтығы 51637 7497 30312
___________________________________________________________________
Материалдық игiлiктер берушiлер мен қызмет көрсетушiлер алдында
берешегi бар бюджеттік ұйымдардың, қорғаныс және құқық қорғау
ведомстволарының атауы
___________________________________________________________________
оның iшiнде
___________________________________________________________________
Мем.шекара|Мемлекеттік|Ұлттық қауiп.|Бас прокуратура|Халық соттары
күзетi | тергеу | сiздiк | |
жөніндегі | комитетi | комитетi | |
мемкомитет| | | |
__________|___________|_____________|_______________|______________
5 | 6 | 7 | 8 | 9
__________|___________|_____________|_______________|______________
742 577 42 248
742 577 42 248
1000
9600
1619
-------------------------------------------------------------------
9600 1742 2196 42 248