Введите номер документа
Прайс-лист

36678 және 33738 әскери бөлімдердің Семей және Торғай облыстарының аумақтарындағы жер учаскелерінің жерін пайдалану құқығын тоқтату және босатылған жерлерді елді мекендердің жеріне және жер қорына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 13 тамыз № 1006

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 13 августа 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 13 августа 1996
Дата последнего изменениявторник, 13 августа 1996

36678 және 33738 әскери бөлiмдердiң Семей және Торғай облыстарының
аумақтарындағы жер учаскелерiнiң жерiн пайдалану құқығын
тоқтату және босатылған жерлердi елдi мекендердiң жерiне
және жер қорына көшiру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1996 жылғы 13 тамыз № 1006

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 36678 және 33738 әскери бөлiмдерiнiң Семей және Торғай облыстарының аумақтарындағы жер учаскелерiнiң жерiн пайдалану құқығынан бас тартуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Заң күшi бар Жарлығының 60-бабы негiзiнде (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 159-бап) 36678 әскери бөлiмнiң Семей облысының аумағындағы және 33738 әскери бөлiмнiң Торғай облысының аумағындағы жалпы көлемi тиiсiнше 4126 және 3798 га жер учаскелерiнiң жерiн пайдалану құқығы тоқтатылсын.

2. Семей және Торғай облыстары әкiмдерiнiң, Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетiнiң осы қаулының 1-тармағына сәйкес босатылған жер учаскелерiн елдi мекендердiң жерiне және жер қорына аудару туралы қосымшаға сәйкес ұсыныстары қабылдансын.

     3. Семей және Торғай облыстарының әкiмдерi:

белгiленген тәртiп бойынша қайтарылатын жерлерде орналасқан Солнечный (36678 әскери бөлiм) және Степной (33738 әскери бөлiм) әскери қалашықтарды қабылдап алуды қамтамасыз етсiн.

Солнечный және Степной елдi мекендерi шегіндегі жер учаскелерiн жаңа жер пайдаланушыға берудi осы учаскелер аумағында бұзылған жерлердi олардың қалпына келтiрудi жүргiзу шартында жүзеге асырсын.

4. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетi:

Ресей Федерациясының Қорғаныс қажетi үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы пайдаланған (пайдаланудағы) жерлердiң жағдайына тексеру жүргiзуiн және осы тексеру нәтижесi бойынша бұзылған жерлердi қалпына келтiру жөніндегі жұмыс көлемi мен құнын анықтасын;

мүдделi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп ластанған жерлердi дизактивациялау және бұзылғаны анықталған жерлердi қалпына келтiру жөніндегі жұмысты жүргiзудiң орындылығы мен тәртібін айқындасын.

5. Шахтадағы ұшыру қондырғысын (ШҰҚ) жою кезіндегі бұзылған жерлердi қалпына келтiрудi қабылдау Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетiнiң ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын құрамында Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi бар мемлекеттік комиссияға жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
 
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінiң
                                       1996 жылғы 13 тамыздағы
                                           № 1006 қаулысына
                                                  қосымша
 
         Семей және Торғай облыстарының аумақтарындағы 36678
         және 33738 әскери бөлiмдердiң бұрын пайдаланған жер
         учаскелерiн елдi мекендердiң жерлерi мен жер қорының
                              құрамына
                              Көшiру
                                                 (га)
     1. Аумағындағы жер учаскелерiне әскери бөлiмдерге жердi
        пайдалану құқығы берiлген аудандардың атауы
     Әскери бөлiмдердiң бұрын пайдаланған жер учаскелерiнiң аумағы
     2. Барлығы
     Соның iшiнде:
     3. егiстiк
     4. жайылым
     5. өзге жерлер
     Құрамға көшiрiлген жер учаскелерiнiң аумағы
      елдi мекендердiң жерi
     6. Барлығы
     Соның iшiнде:
     7. егiстiк
     8. жайылым
     9. өзге жерлер
     Жер қоры
     10. Барлығы
     Соның iшiнде:
     11. егiстiк
     12. жайылым
     13. өзге жерлер
_____________________________________________________________________
      1        | 2 | 3 | 4 |  5  | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |11 | 12| 13
_____________________________________________________________________
                          Семей облысы
                       (36678 әскери бөлiмi)
  Жарма        2215  -   -  2215  322  -   - 322  1893  -  -  1893
  Шар          1911  -   -  1911   -   -   -  -   1911  -  -  1911
  Облыс бойынша       
  жиыны        4126  -   -  4126  322  -   - 322  3804  -  -  3804
 
                          Торғай облысы
                       (33738 әскери бөлiмi)
  Амантоғай    253  218  35  -         -   -   -   253  218  35  -
  Державин    2599 2027  572     440      440     2159 2027 132  -
  Есіл         868  826  42  -    -     -   -  -   868  826  42  -
  Жаңадала      78   -   78  -    -     -           78   -   78
 
  Облыс бойынша
  жиыны       3798 3071 727  -   440    -  440  - 3358 3071  287 - 
     
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами