Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы
№ 656 қаулысына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 19 қыркүйек № 1145
Қазақстан Республикасының Үкіметі Төралқасы мәжілісiнiң 1996 жылғы 8 тамыздағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 194-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен мыналар алынып тасталсын:
"Фосфохим" АҚ, Ақтөбе облысы;
"Петропавл шағын литражды двигательдер зауыты" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы.
2-тармақ.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.10.30.
№ 1309 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiмен бiрлесiп мынадай акционерлік қоғамдарды жекешелендiру жөніндегі жұмысты жеделдетсiн:
"Актюбрентген" АҚ, Ақтөбе облысы
"Химпром" АҚ, Павлодар облысы
"Аспап жасау зауыты" АҚ, Көкшетау облысы
"Петропавл электроқшауландыру материалдары зауыты" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi