Введите номер документа
Прайс-лист

Көлік құралдарын лизингтік негізде беруді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан № 1200

Информация о документе
Датавторник, 1 октября 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 1 октября 1996
Дата последнего изменениявторник, 1 октября 1996

Көлiк құралдарын лизингтiк негiзде берудi ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан
№ 1200

Қалалық жолаушылар көлiгiн жаңалау және Шымкент автобус құрастыру заводында өз автобустарын шығаруды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Отандық өндiрiстегi автобустар мен троллейбустарды лизингтiк негiзде берудi басым бағытта ұйымдастыруды айқындасын және лизинг берушiнiң функциясы "Желдірме" компаниясы" акционерлік қоғамына (келісімi бойынша) жүктелсiн.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылға арналған республикалық бюджет жобасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiне қайтарымды негiзде жыл сайын 20 проценттен қайтарылатын етiп 5 жылға 200 млн. теңге кредит ресурстарын бөлсiн.

     3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi:

"Желдірме" компаниясы" акционерлік қоғамымен бiрлесiп Жамбыл және Шымкент қалаларының автобус кәсiпорындарымен лизинг бойынша автобустар мен троллейбустарды олардың құнының 20 процентiн алдын-ала төлеу арқылы және қалған бөлiгiн жыл сайынғы 20 проценттен кепiлдi түрде қайтаруға шарт жасассын;

200 млн. теңге сомасындағы кредиттi республикалық бюджетке жыл сайын 20 проценттен уақтылы қайтаруды қамтамасыз етсiн;

"Желдірме" компаниясы" акционерлік қоғамына 1996 жылы лизинг ұйымдастыруға өзiнiң қаржы көзiнен кредит беру мүмкiндiгiн қарастырсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом