Введите номер документа
Прайс-лист

Телерадио хабарлары мен деректер берудің ұлттық спутниктік жүйесінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 4 қазан № 1234

Информация о документе
Датапятница, 4 октября 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 4 октября 1996
Дата последнего измененияпятница, 4 октября 1996

Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiнiң
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы
1996 жылғы 4 қазан № 1234

Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiн енгiзудi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiнiң (ТХ және ДБҰСЖ) бiрiншi кезегiнiң iске қосылу мерзiмi 1997 жылдың бiрiншi тоқсаны деп белгiленсiн.

2. Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiн құру мен пайдалану "Қазақстандық телекоммуникациялар" акционерлік қоғамына жүктелсiн.

3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі "Қазақстандық телекоммуникациялар" акционерлік қоғамына бiр апта мерзiмде телекоммуникация саласындағы мына қызметтерге: мемлекеттік және коммерциялық телерадио хабарларын тарату жөнiнде қызмет көрсетуге; телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесi құралдарымен деректер беру қызметiн көрсетуге байланысты бас лицензия берсiн.

4. Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөніндегі ұлттық агенттiгiнiң келісімi бойынша "Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 қыркүйектегi № 1284 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 31, 388-құжат) тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзсiн.

5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 қыркүйектегi № 1284 қаулысының жүзеге асыру барысы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 мамырдағы № 578 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом