Талдықорған облысында жүргiзiлген экономикалық тәжiрибенiң кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы
1996 жылғы 9 қазан № 1246
"Талдықорған облысында жүргiзiлген экономикалық тәжiрибе жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 4 шiлдедегi № 917 қаулысы мен "Аймақтарда реформаларды тереңдету жөніндегі облыстар мен жоспарлар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 наурыздағы № 309 қаулысын орындау үшiн, экономикалық эксперименттi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. Талдықорған облысының әкімі Экономикалық келісімдi реттеудiң облыстық қорын дамыту және қайта жаңғырту жобаларын инвестициялау бойынша кредиттiк айырбастау шарттарын әзiрлеу мен жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
2. "International Economic Development Strategist Human Resourse & Trade Development - B\H" фирмасының тәжiрибе бағдарламасы жөніндегі жобалардың инвестицияларын инвестицияланған жобаларға енгiзiлген объектiлердi басқаруға бере отырып тарту мақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасының Кеден органдары әкелiнген жабдықтар, материалдар, аксессуарлар және басқа инвестициялар жөніндегі кәсiпорындардың жарғылық қорына салынған салым ретiнде "International Economic Development Strategist Human Resourse & Trade Development - B\H" фирмасының қатысуымен және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 149-бабы және "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы негiзiнде оның жеке мұқтаждары үшiн арналған мүлiкке кеден төлемдерiн жүргiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Салық органдары "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 61-бабы негiзiнде көрсетiлген қаржылық қызметтерге салық салуды жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары