"Павлодарэнерго" республикалық мемлекеттік кәсiпорынының құрылымдық
бөлiмшелерiн қайта жаңғырту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 17 қазан № 1279
"Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 мамырдағы № 663 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес:
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен бiрлесiп оның құрамынан "Павлодарэнерго" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын "Севказэнергоремонт" өндiрiстiк кәсiпорнының, Павлодар 2-ЖЭО-ның, Павлодар 3-ЖЭО-ның және аймақтық электрлiк және жылу тораптарының бөлу балансына сәйкес мүлiктiк кешендерiн бөлу жолымен қайта ұйымдастырсын;
бiр ай мерзiм iшiнде мүлiктiк кешендер базасында акционерлік қоғамдар құрсын;
Павлодар облысының әкіміне құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерi иелену, басқару, пайдалану және билiк ету құқығында берiлсiн.
Ескерту. 1-тармақтың 4-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.
11.07. № 1355 қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.11.07.
№ 1355 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi