Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қаржы нарығы институты» қоғамдық қорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 20 желтоқсан № 1577

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қаржы нарығы институты» қоғамдық қорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 20 желтоқсан № 1577

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

"Қаржы нарығы институты" қоғамдық қорын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 20 желтоқсан N
1577

Қаржы нарығының барлық субъектiлерi жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету және үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Кәсiпкерлерi конгресiнiң, Қазақстан Сақтандырушылар одағының, Қазақстанның коммерциялық банктерi ассоциациясының және Қазақстан аудиторлар палатасының "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қорын құру туралы ұсынысы қолдалсын.

2. "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қоры мына мақсаттарда құрылады:

мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға арналған қаржылық нарықты дамыту туралы талдау және ақпараттық материалдарды әзiрлеу;

қаржылық нарықты дамыту және консалтингтiк қызметтердi жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаларды, құқықтық нормативтiк актiлердi және өзге де материалдарды тәуелсiз экономикалық және құқықтық сараптама жүргiзу;

қаржы нарығының барлық субъектiлерi үшiн біліктi кадрларды даярлау және қайта даярлау;

     қаржы нарығы субъектiлерi үшiн бiрыңғай ақпараттық база құру;

қаржы нарығы субъектiлерi үшiн бағдарламалық, әдiстемелiк және оқу материалдарын әзiрлеу;

     оның жарғысына сәйкес басқа мiндеттердi шешу.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi үстiмiздегi жылдың 30 желтоқсанына дейiн "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қорын мына мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Гоголь көшесi, 84-үйде орналастырсын және мұны жарғылық қорға жарна ретiнде ресiмдесiн.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қорының қалыптасуы үшiн қайтарым негiзiнде қаржылық көмек мүмкiндiгiн iздестiрсiн және көрсетсiн.

5. "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қоры Үкiмет актілерін, министрлiктер мен ведомстволардың нормативтiк құжаттарын алатын ұйымдардың тiзбесiне енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!