Введите номер документа
Прайс-лист

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының фосфор саласы ішіндегі кәсіпорындарында соттан тыс тәртіппен оңалту рәсімдерін жүргізу мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 23 мамырдағы № 864

Информация о документе
Датапятница, 23 мая 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 23 мая 1997
Дата последнего измененияпятница, 23 мая 1997

Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының фосфор саласы iшіндегі
кәсiпорындарында соттан тыс тәртiппен оңалту рәсiмдерiн
жүргiзу мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы
1997 жылғы 23 мамырдағы № 864

Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының фосфор саласы iшіндегі кәсiпорындарының төлем қабiлеттiгiн қалпына келтiру мақсатында және "Банкроттық туралы" Қазақстан Респубилкасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 Заңының 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының "Фосфор" акционерлік қоғамында фосфор саласы iшіндегі кәсiпорындарында (бұдан әрi кәсiпорын) соттан тыс тәртiппен оңалту рәсiмдерi жүзеге асырылсын.

     ЕСКЕРТУ. Атауы, кiрiспесi және 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң
              1997.09.22. № 1369 қаулысымен.  

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi Мемлекеттік комиссиямен келісім бойынша белгiленген тәртiптi сақтай отырып, кәсiпорындарды оңалту жоспарын бекiтсiн, мүлiк пен iстердi басқару функциясын оңалтушы басқаруға берсiн, осы мәселе жөнiнде құрылған комиссиялармен жұмысты үйлестiре отырып, кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру бойынша қажеттi шараларды қабылдасын;

3. "Жамбыл облысының фосфор саласы iшіндегі кәсiпорындарды дағдарыстан шығару жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 ақпандағы № 195 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

аталған қаулының 3-тармағының 2-абзацындағы және оның 1-қосымшасындағы "қайта ұйымдастырылған" деген сөздер "оңалтылған" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом