Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сот-медицина қызметін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 2 шілдедегі № 1044

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 2 июля 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 2 июля 1997
Дата последнего изменениясреда, 2 июля 1997

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң сот-медицина
қызметiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы 2 шiлдедегi № 1044

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркiндiгiн қорғау, Мемлекеттік құқық реформасының бағдарламасын жүзеге асыру, қылмысқа қарсы күрес пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі шараларды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Бас сот-медицина сараптамасы бюросы облыстық және Алматы қалалық сот-медицина сараптамасы бюролары функциональды бағындырылып, республикалық мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң сот медицина орталығы (бұдан әрi - Орталық) етiп қайта ұйымдастырылады.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде Орталық пен оның құрылымы туралы Ереженi бекiтсiн.

     3. Орталық қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:

белгiленген заң тәртібімен республиканың сот-медицина қызметiне басшылық жасау;

     соңғы сатыда қайталама, аса күрделi сараптамалар жүргiзу;
     сот-медицина және ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау;

сот-медицина сараптамасының қазiргi заманғы әдiстерi мен әдiстемелерiн қабылдау мен құру және оларды сараптама практикасына ендiру.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi, Алматы қаласының өкімі 1997 жылдың аяғына дейiн Алматы қаласында Орталық үшiн ғимарат бөлу туралы мәселенi шешетiн болсын.

5. Облыстардың әкiмдерi емдеу-профилактика мекемелерiнiң жүйесiн оңтайландыруды ескере отырып, сот-медицина қызметi үшiн үй-жай бөлу және оларға қажеттi қаржылық және материалдық-техникалық көмек көрсету туралы мәселенi қарасын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!