"Мобил Ойл" ұлтаралық корпорациясымен келiссөздер туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1996 жылғы 1 сәуірдегі
№ 146
Экономиканың мұнай-газ саласында құрылымдық жаңғыртулар жүргiзу және шетел инвестицияларын тарту мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігіне, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың корпорацияның қатысу дәрежесiн айқындау үшiн "Мобил Ойл" ұлтаралық корпорациясымен қорытынды келiссөздер жүргiзу тапсырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Меркейтор" фирмасы "Мобил Ойл" корпорациясымен келiссөздерде сарапшы ретiнде қатысу үшiн бейтарап елдерден iрi халықаралық банктi тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі келiссөздер аяқталған соң халықаралық сарапшы тарабының жобаға баға беруiмен, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытуға "Мобил Ойл" корпорациясының қатысуы жөнiнде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.
Премьер-Министр