Тексеру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі
1996 жылғы 21 мамырдағы № 236
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегi елшiлiктерiнiң, бас консулдықтарының және тұрақты өкiлдiктерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiне, сондай-ақ бөлiнген қржының нысаналы жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қатысуымен республиканың республикалық бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын елшiлiктерiнде, бас консулдықтарында және тұрақты өкiлдiктерiнде тексеру жүргiзу тапсырылсын.
2. Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, бас консулдықтарының және тұрақты өкiлдiктерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзу кестесi бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетiнiң қызметкерлерiне шет елдiк iссапарларға арнап жолда болатын уақытты есептей отырып 20 күн есебiнде валюта қаражатын бөлудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетiнiң аталған мәселелермен шет елге iссапарға шығатын қызметкерлерiне қызметтiк паспорт пен визаларды ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
21 мамырдағы № 236 өкімімен
бекітілген
Қазақстан Респбуликасы елшiлiктерiнiң, бас
консулдықтарының және тұрақты өкiлдiктерiнiң
қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзу
Кестесi
___________________________________________________________________
Объектiнiң атауы Тексеру жүргiзу Орындаушылар
мерзiмi
___________________________________________________________________
1996 жыл
1. Ресей (елшiлiк) сәуiр Горяинов А.В.
2. Иран (ОЭС жанындағы
елшiлiк, өкiлдiк, бас
консулдық) мамыр Құдайбердиев Н.К.
3. АҚШ (елшiлiк, БҰҰ
жанындағы тұрақты өкiлдiк) маусым Стамбеков М.Н.
4. Германия (елшiлiк, бас
консулдық) шiлде Нұрғалиева Р.О.
5. Венгрия (елшiлiк) тамыз Өтегенов Б.Н.
6. Қытай (елшiлiк) қыркүйек Шин О.Н.
7. Пәкстан (елшiлiк) қазан Кәрiбаев О.К.
8. Өзбекстан (елшiлiк) қараша Тапалов К.Б.
9. Түркия (елшiлiк) желтоқсан Досжанов Р.Д.
1997 жыл
1. Австрия (елшiлiк)
2. Әзербайжан (елшiлiк)
3. Беларусь (елшiлiк)
4. Бельгия (елшiлiк)
5. Ұлыбритания (елшiлiк)
6. Египет (елшiлiк)
7. Индия (елшiлiк)
8. Италия (елшiлiк)
9. Қырғызстан (елшiлiк)
10. Оңтүстiк Корея (елшiлiк)
11. Литва (елшiлiк)
12. Франция (елшiлiк)
13. Швейцария (елшiлiк)
14. Украина (елшiлiк)