Введите номер документа
Прайс-лист

Отқа төзімді материалдар өнеркәсібін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрі орынбасарының өкімі 25 қазан 1992 ж. № 44-33ө

Информация о документе
Датавоскресенье, 25 октября 1992
Статус
Действующийвведен в действие с 25 октября 1992
Дата последнего изменениявоскресенье, 25 октября 1992

Отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасын жүзеге
асыру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрi орынбасарының
өкімі 25 қазан 1992 ж. № 44-33ө

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мақұлдаған Қазақстан Республикасының Отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында:

1. "Оттөзiм" корпорациясы мен Торғай боксит кенiшi басқармасының салынып жатқан қабырғалық керамикалық материалдар зауытының базасында Арқалық қаласында акционерлік негiзде отқа төзiмдi материалдар өндiрiсiн ұйымдастыру туралы "Құрылыс материалдары" концернi және Торғай облысының әкімі қолдаған бастамасы мақұлдансын.

"Оттөзiм" корпорациясы Арқалық қаласында отқа төзiмдi материалдар шығару жөніндегі бас тапсырыс берушi болып анықталсын.

"Құрылыс материалдары" концернi Арқалық қаласында салынып жатқан қабырғалық керамикалық материалдар зауытының аяқталмаған құрылысын, материалдық ресурстарын және басқа көрсеткiштерiн белгiленген тәртiппен, 1992 жылғы I қарашадағы жағдай бойынша "Оттөзiм" корпорациясына берсiн.

2. Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi Арқалық қаласында салынып жатқан қабырғалық керамикалық материалдар зауытын Қазақстан өнеркәсiбiнiң базалық салаларының мұқтажы үшiн отқа төзiмдi материалдар мен бұйымдар шығаруға қайта бағыттауға арнап инвестиция қорынан 1993 жылға жеңiлдiктi кредит бөлу туралы мәселе қарайтын болсын.

3. Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі мен "Оттөзiм" корпорациясы Арқалық қаласындағы зауытты қайта бағыттау және оның құрылысын аяқтау үшiн шетел кредиттерiн тарту мәселесiн пысықтасын.

4. "Оттөзiм" корпорациясы "Қазақстан құрылыс" концернiмен бiрлесiп 1992 жылғы I желтоқсанға дейiн Арқалық қаласындағы отқа төзiмдi материалдар өндiру жөніндегі зауытты қайта бағыттау және оның құрылысын аяқтау жұмысын жүзеге асыру үшiн мердiгер ұйымды анықтасын.

Премьер-министрдiң орынбасары

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами