Введите номер документа
Прайс-лист

«Мұнай өңдеу зауытын салу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 5 қарашадағы № 502-ө өкімі

Информация о документе
Датавторник, 5 ноября 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 5 ноября 1996
Дата последнего изменениявторник, 5 ноября 1996

«Мұнай өңдеу зауытын салу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 5 қарашадағы
№ 502-ө өкімі

 

Ақтөбе облысын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету және аймақтың дамуының экономикалық тиiмдiлiгiн көтеру мақсатында:

1. Ақтөбе облысы әкімінiң Алға ауданында "ВООТ" сызбасы бойынша қуаттылығы жылына 500 мың тоннаға дейiн өңделмеген мұнай өңдейтiн шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытын салу туралы ұсынысы мақұлдансын.

2. Осы зауыттың құрылысына "Трансконтиненталь Продакс Сервисез" (АҚШ) фирмасының тартылатыны, "ВООТ" шарттарымен "Ситибанк" (АҚШ) кепiлшi банк болатыны, Үкiмет кепiлдiгiнiң талап етiлмейтiндiгi назарда ұсталсын.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамын жекешелендiру жөніндегі тендер аяқталғаннан кейiн тендер жеңiмпазымен жыл сайын мұнай өңдеушi зауыт үшiн қажеттi өңделмеген мұнай мөлшерiмен жабдықтау контрактiсiн жасау мүмкiндiгi туралы келiссөз жүргiзсiн.

4. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Премьер-Министрдiң орынбасары Д.Т. Дүйсеновке жүктелсiн.

Премьер-Министр

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом