«Қаражатты республикалық бюджетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 591 өкімі
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қаражатты республикалық бюджетке қайтару туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 591 өкімі
Қазақстан Республикасының Шетел несие берушiсiнiң алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiне жол бермеу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі шетел банкi берген шоттар негiзiнде «Алемсистем» қаржы-инвестициялық компаниясы үшiн жалпы сомасы 400 095 (төрт жүз мың тоқсан бес) АҚШ доллары болған мерзiмi өткен төлемдердi, сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын 1996 жылға арналған республикалық бюджетте «Сыртқы экономикалық қызмет» бөлiмi бойынша көзделген қаражат есебiнен төлейтiн болсын.
2. Alem Bank Kazakstan алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.