Мемлекеттік резервтен дизель отынын босату туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 26 маусымдағы № 201
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Мемлекеттік резервтен дизель отынын босату туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 26 маусымдағы № 201
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетi 1997 жылдың 31 қарашасына дейiн мемлекеттік резервке қайтару және Жамбыл облысы әкімінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы кепiлдiктi мiндеттемесiмен тауар несиесiн пайдаланған кезең үшiн республикалық бюджеттiң кiрiсiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша проценттер төлеу шарттарында ала тұру тәртібімен мемлекеттік резервтен 16,6 мың тонна дизель отынын босатсын.
2. Дизель отынының пайдаланылуына және мемлекеттік резервке қайтарылуына бақылау жасау Жамбыл облысының әкіміне жүктелсiн.