Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қоры туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1839
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қорын қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 тамыздағы № 1229 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қорын қалыптастыру, жүргiзу және пайдалану туралы ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1839 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар
қорын қалыптастыру, жүргiзу және пайдалану туралы
ЕРЕЖЕ
ЕСКЕРТУ. Мәтініндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.09. № 1227 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қоры (бұдан әрi - Мемлекеттік стандарттар қоры) көп мәрте қолдану үшiн белгiленген нормалары, өнiмге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қатысты ережелер мен сипаттамалары бар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі құжаттардың жиынтығын бiлдiредi.
2. Мемлекеттік стандарттар қоры Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Мемстандарт), оның ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарының, министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктiң мемлекеттік нысанындағы заңды тұлғалардың стандарттар қорларының базасында қалыптастырылады.
3. Мемлекеттік стандарттар қорын қалыптастырудың және дамытудың басты мақсаты республиканың жалпы ұлттық мүдделердi ескере отырып өзара тиiмдi негiзде Мемлекеттік стандарттар қорын қалыптастыруға қатысатын барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қорына жалпы басшылық жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiне жүктеледi.
2. Мемлекеттік стандарттар қорын жүргiзу
5. Мемлекеттік стандарттар қорын:
Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" республикалық мемлекеттік кәсiпорыны мен Мемстандарттың мемлекеттік кәсiпорындары;
министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандандырылған қорлары;
Қазақ республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасы жүргiзедi.
6. Мемлекеттік стандарттар қоры жұмыс iстеуi мақсатында:
ҚазСтИн-на:
нормативтiк құжаттарды жинақтау, жүргiзу, есепке алу және сақтау;
нормативтiк құжаттар бойынша анықтамалық-библиографиялық деректер базасын жүргiзу;
Қазақстанның Бүкiлдүниежүзiлiк сауда ұйымының шеңберiнде БСҰ-ға мүше елдердi стандарттарға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бөлiгіндегі мiндеттемелерiн орындау;
Қазақстан Республикасының, ТМД елдерiнiң ақпараттық органдарымен және қорларымен, шетелдердiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық және европалық ұйымдармен өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жүргiзу;
Мемлекеттік стандарттар қорына кiретiн стандарттар қорларының қызметiне талдау жасау және оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс дайындау;
пайдаланушыларды стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы қолданылып жүрген құжаттар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету функциялары жүктеледi;
стандарттау, сертификаттау және сапа жүйелерi саласындағы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, оның iшiнде, нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен жетiлдiруге, мамандарды қайта даярлау мен біліктiлiгiн арттыруға қатысу.
Министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандандырылған қорларына:
қызметiнiң бекітілген бағыттарына сәйкес стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жинақтау, есепке алу, жүргiзу және сақтау;
ҚазСтИн-мен өзара iс-қимыл жасау, оған құжаттар туралы анықтамалық және библиографиялық ақпараттар мен нормативтiк құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну;
пайдаланушыларды жүйеде әзiрленген құжаттар туралы ақпараттармен және олардың көшiрмелерiмен қамтамасыз ету функциялары жүктеледi.
Қазақ республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасына:
стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жинақтау, есепке алу, жүргiзу және сақтау;
ҚазСтИн-мен өзара iс-қимыл жасау, оған құжаттар туралы анықтамалық және библиографиялық ақпараттар және құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну;
пайдаланушыларды республиканың мүдделi құрылымдары мен азаматтарының нормативтiк құжаттарымен ақпараттық қамтамасыз ету функциялары жүктеледi.
7. ҚазСтИн Мемлекеттік стандарттар қорының Қазақстан Республикасында стандарттар қорын жүргiзудi жүзеге асыратын субъектiлердiң арасында үйлестiрушi органы болып табылады.
8. Мемлекеттік стандарттар қорының жұмыс iстеу принциптерiн айқындау және оның қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу үшiн Мемстандарт Мемлекеттік стандарттар қорының кеңесiн құрады.
3. Мемлекеттік стандарттар қорын қалыптастыру
және пайдалану
9. Мемлекеттік стандарттар қоры стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы құжаттар мен басылымдардың мынадай түрлерiн:
Қазақстан Республикасының заң және нормативтiк құқықтық актілерін, мемлекеттік тiзiлiмдердi, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ережелер мен ұсынымдарды;
стандарттар мен нормативтiк құжаттардың көрсеткiштерiн;
мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттарды жiктегiштердi, халықаралық, аймақтық, европалық стандарттарды, шетелдiк елдердiң ұлттық стандарттарын, өнiм мен қызмет көрсетуге арналған техникалық шарттарды;
стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы халықаралық шарттарды;
фармакопиялық баптарды;
құрылыс нормалары мен ережелерiн;
электр қондырғыларын орнатудың ережелерiн (ЭОЕ);
санитарлық нормалар мен ережелердi;
медициналық-биологиялық талаптарды;
малдәрiгерлiгi ережелерiн;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдар стандарттары қорларының құжаттары туралы библиографиялық және басқа да ақпараттарды;
стандарттау, метрология және сертификаттау және өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң сапасын басқару саласындағы мерзiмдiк басылымдарды қалыптастырады.
10. Министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стандарттар қоры өз құзыреттерiнiң шегiнде өздерi немесе олардың ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелерi әзiрлеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі құжаттармен, сондай-ақ осы органдардың айқындауы бойынша басқа да құжаттармен қосымша жинақталады.
11. Мемлекеттік стандарттар қорының пайдаланушылармен өзара iс-қимылы шарттық негiзде жүзеге асырылады.