Введите номер документа
Прайс-лист

«Асыл» мемлекеттік акционерлік компаниясының мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсан № 1856

Информация о документе
Датавторник, 30 декабря 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 30 декабря 1997
Дата последнего изменениявторник, 30 декабря 1997

"Асыл" мемлекеттік акционерлік компаниясының мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсан
№ 1856

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi заңда белгiленген тәртiппен:

"Асыл" акционерлік компаниясының атын қайта атауға байланысты жарғысына өзгерiс енгізу жөнiнде оның акционерлерiнiң жиналысын өткiзсiн;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң келісім бойынша "Асыл" акционерлік компаниясы акцияларының мемлекеттік пакетiн сатуды және сенiмдi басқаруға берудi жүргiзсiн.

2. Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры "Асыл" акционерлік қоғамы арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қаржы көмегiн жүзеге асырсын.

3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

"Асыл" мемлекеттік акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қыркүйектегi № 836 қаулысы;

"Асыл" мемлекеттік акционерлік компаниясы мен "Руноқаракөл" мемлекеттік акционерлік компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 793 қаулысы.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом