Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік қызметшiлердi
қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру институтын
Ақмола облысының Шортанды поселкесiне көшiру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1998 жылғы 16 наурыздағы
№ 220
Мемлекеттік қызметшi кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру институтын (МҚҚИ) (бұдан әрi - Институт) Ақмола облысының Шортанды поселкесiне көшiрудiң кестесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi Ғылым министрлігімен - Ғылым академиясымен және Институтпен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың 1 сәуiрiне дейiн мерзiмде Институттың филиалын ұйымдастыру үшiн Ақмола облысының Шортанды поселкесіндегі Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ балансындағы өндiрiстiк ғимараттардың, тұрғын үйлердiң және қонақ үйдiң бiр бөлiгiн Институтқа бөлу туралы мәселенi шешсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резерв қорынан Ақмола облысының Шортанды поселкесіндегі Институттың филиалының материалдық-техникалық базасын ұйымдастыруға және нығайтуға 1998 жылы Институтқа 5 (бес) миллион теңге бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi Қаржы министрлігімен бiрлесiп 1999-2005 жылдарға арнап Ақмола облысының Шортанды поселкесіндегі Институттың материалдық-техникалық базасын дамытуға қажеттi қаражат бөлудi көздесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 16 наурыздағы
№ 220 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы
Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және
біліктiлiгiн арттыру институтын (МҚҚИ) көшiрудiң
КЕСТЕСI
____________________________________________________________________
Рет| Шаралар |Жауапты |Орындалу |
N | |орындаушылар |мерзiмi |
___|________________________________|_______________|_______________|
1.|Қазақстан Республикасының |МҚҚИ, Қазақстан|1998 жылдың |
|Үкіметі шешiмiнiң жобасын |Республикасы |ақпаны |
|әзiрлеу |Премьер-Минис. | |
| |трiнiң Кеңсесi | |
| | | |
2.|Ақмола облысының Шортанды |МҚҚИ |1998 жылдың |
|поселкесiнде МҚҚИ филиалын | |наурыз-маусымы |
|ұйымдастыру | | |
| | | |
3.|Филиалда мемлекеттік қызметшi. |Бұл да |1998 жылдың |
|лердi қайта даярлау мен олардың | |қыркүйегi |
|біліктiлiгiн арттыруды ұйымдас. | | |
|тыру | | |
| | | |
4.|Ақмола облысының Шортанды |МҚҚИ, Қазақстан|1999-2000 |
|поселкесiнде МҚҚИ-ды құру |Республикасы |жылдары |
| |Премьер-Минис. |кезең- |
| |трiнiң Кеңсесi |кезеңмен |
| | | |
5.|МҚҚИ-ды Ақмола облысының |МҚҚИ |1998 жылдың |
|Шортанды поселкесiне көшiрудi | |шiлде-тамызы |
|аяқтау | | |
___|________________________________|_______________|_______________|