Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 28
сәуiр № 674
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң құрылымы қосымшаға сәйкес, сондай-ақ алқаның сандық құрамы 17 адам болып бекітілсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.21. № 1640
қаулысымен.
2.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.12. № 1551
қаулысымен.
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1653 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 28 сәуірдегі
№ 674 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
Макроэкономикалық және бюджет саясаты департаментi
Бюджет департаментi
Қазынашылық департаментi
(заңды тұлға құқығында)
Салық реформалары департаментi
Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi
(заңды тұлға құқығында)
Жекешелендiру жөніндегі департамент (заңды тұлға құқығында)
Бухгалтерлiк есеп методологиясы және аудит департаментi
(заңды тұлға құқығында)
Салық полициясы департаментi (заңды тұлға құқығында)
Сақтандыруды қадағалау департаментi (заңды тұлға құқығында)
Заң қызметi департаментi
Қаржы жүйесi кадрларын даярлау мен қайта даярлау және
қызметкерлермен жұмыс департаментi
Аппараттың инспекторлық-ұйымдастыру жұмысы департаментi
Салық комитетi
Қаржы бақылау комитетi
Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетi
Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.10.30. № 1466
қаулысымен.