Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазбаспасөз» көтерме-бөлшек сауда агенттігі» мемлекеттік еншілес кәсіпорнын «Қазбаспасөз» республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 16 қазандағы № 1049

Информация о документе
Датапятница, 16 октября 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 16 октября 1998
Дата последнего измененияпятница, 16 октября 1998

"Қазбаспасөз" көтерме-бөлшек сауда агенттiгi" мемлекеттік еншiлес
кәсiпорнын "Қазбаспасөз" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
етiп қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1998 жылғы 16 қазандағы № 1049

Мерзiмдi басылымдарға жазылуды ұйымдастыру, оларға тапсырысты қалыптастыру және оларды тұтынушыға жеткiзу жүйесiн оңтайландыру, газеттер мен журналдарды шығару, тарату және сату жөніндегі бiрыңғай өндiрiстiк-басқару кешенiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазбаспасөз" көтерме-бөлшек сауда агенттiгi" мемлекеттік еншiлес кәсiпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазбаспасөз" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Кәсiпорын қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазбаспасөз" көтерме-бөлшек сауда агенттiгi" мемлекеттік еншiлес кәсiпорнының құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсiпорнына қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы ретiнде заңдарда белгiленген тәртiппен почталық алмасу процесiне қатыспайтын және Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының облыстарда орналасқан еншiлес сауда дүкендер мен дүңгiршектердiң бөлшек жүйесiн "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Мемлекеттік почтасын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жанындағы Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсiпорнына айналдыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 қарашадағы № 1521 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 35, 450-құжат) бекітілген Қосымшаға сәйкес Кәсiпорынға берсiн.

     5. Уәкiлеттi орган:

1) 1998 жылдың 15 қарашасына дейiн Кәсiпорынның жарғысын әзiрлеп, бекiтсiн, онда мынадай негiзгi функциялар көзделсiн:

мерзiмдi басылымдарға жазылуды ұйымдастыру;

мерзiмдi басылымдарға тапсырысты жазылуы бойынша жинау, өңдеу, мекен-жайын өзгерту және жою;

редакциялармен, отандық және шетелдiк баспалармен жазылу және бөлшектiк сату жөнiнде шарттар жасасу;

республиканың аумағында, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерде мерзiмдi баспасөздi ұйымдастыру және тарату;

мерзiмдi басылымдарды жазылуы және бөлшек сауда бойынша жөнелту;

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының республиканың облыстарында орналасқан еншiлес кәсiпорындарымен мерзiмдi басылымдарды тарату, жөнелту, жеткiзу жөнiнде шарттар жасасу;

республиканың және шетелдiң мерзiмдi басылымдарына каталогтарды қалыптастыру;

2) Кәсiпорынды заңдарда белгiленген тәртiппен қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн.

6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгізу туралы қаулының жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Мемлекеттік почтасын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жанындағы Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсiпорнына айналдыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 қарашадағы № 1521 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 35, 450-құжат):

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жанындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының құрамына еншiлес кәсiпорын құқымен енген кәсiпорындардың тiзбесiнде:

26-тармақ алынып тасталсын;

2) "Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 65 қаулысында:

аталған қаулымен бекітілген "Көлiк-коммуникация кешенiнде жекешелендiруге жататын кәсiпорындардың тiзбесi" деген 3-қосымшада:

реттiк нөмiрi 57-жол алынып тасталсын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами