Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Хабар» агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметін жетілдірудің жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 14 мамырдағы № 438

Информация о документе
Датачетверг, 14 мая 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 14 мая 1998
Дата последнего изменениячетверг, 14 мая 1998

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Хабар" агенттiгi" республикалық
мемлекеттік кәсiпорнының қызметiн жетiлдiрудiң жекелеген
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1998
жылғы 14 мамырдағы № 438

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының қызметiн жетiлдiру және телекоммуникацияларды дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет 100 процент қатысатын жабық акционерлік қоғамы етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi бiр айлық мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен:

қажеттi қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзсiн;

1998 жылғы 1 қаңтардағы бағаны ескере отырып, тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың қорытындысының негiзiнде қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мүлкiн бағалап, құрылатын "Хабар" агенттiгi" жабық акционерлік қоғамы активтерiнiң тiзбесiн, құрылымын және жарғылық капиталының көлемiн белгiлесiн;

"Хабар" агенттiгi" жабық акционерлік қоғамының жарғысын бекiтсiн және оны мемлекеттік тiркеуден өткiзсiн.

3. "Хабар" агенттiгi" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 23 қазандағы № 1382 қаулысының 3-тармағымен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына берiлген құқықтар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі "Хабар" агенттiгi" жабық акционерлік қоғамы тiркелген күннен бастап екi апта мерзiм iшiнде оған хабар тарату құқығына және теледидар мен радио саласында байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметке берiлген тиiстi лицензияларды заңдарда белгiленген тәртiппен қайта ресiмдесiн.

5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:

"Хабар" агенттiгi" жабық акционерлік қоғамы бағдарламаларының мемлекеттік тапсырыстың көлемi мен мемлекеттік бағалар бойынша хабар таратудың қолданылып жүрген шарттарын сақтай отырып, бiрiншi жиiлiк арнасы бойынша, сондай-ақ спутниктiк теледидар жүйесi бойынша үзiлiссiз берiлуiн қамтамасыз етсiн;

"Хабар" агенттiгi" жабық акционерлік қоғамының хабарларын жалпы республикалық және жергiлiктi теледидар және радио бағдарламаларының санкциясыз үзуiн болдырмау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом