Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемды қайта қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 12 маусымдағы № 529

Информация о документе
Датапятница, 12 июня 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 12 июня 1998
Дата последнего измененияпятница, 12 июня 1998

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік
емес сыртқы заемды қайта қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1998 жылғы 12 маусымдағы № 529

"Кең дала" акционерлік қоғамының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемы бойынша дефолт фактiлерiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Кең дала" акционерлік қоғамының мемлекеттік емес сыртқы заемы бойынша алдағы төлемдерiн 30 млн. АҚШ доллары көлемiнде ұзақ мерзiмдi мемлекеттік емес заемды тарту, тиiстi келісімдер жасасу және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 23 қыркүйектегi № 002 мемлекеттік кепiлдiгiн қайта ресiмдеу жолымен қайта қаржыландыру жүргiзу туралы ұсынысы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi заем тартудың мүмкiн қорытындысын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі аталған қарыз алу шарттарының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестiгi туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi мен Әдiлет министрлігінiң қорытындылары оң болған жағдайда:

1) тартылған сыртқы заемның рәсiмдерiне байланысты шығыстарды қысқарту мен комиссиялық сыйақы деңгейiн азайту мақсатында заемның жалпы сомасын 50 млн. АҚШ долларына дейiн ұлғайту жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 278 қаулысына сәйкес тартылатын заем шеңберiнде қарыз алу жүргiзсiн;

2) тартылатын заем бойынша Қазақстан Республикасының кепiлдiгi бар мiндеттемелерiн қажеттi қайта ресiмдеудi жүзеге асырсын;

3) тартылатын сыртқы заемға қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 278 қаулысымен белгiленген агентпен агенттiк келісім жасассын.

Ескерту. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.03. № 635 қаулысымен.

5. "Кең дала" акционерлік қоғамы 30 млн. АҚШ долларына дейiнгi сомада сыртқы заемды тарту жөніндегі түпкi заем алушы болып белгiленсiн.

6. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом