Введите номер документа
Прайс-лист

«Мабко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен және «Deustsche Morgan Grenfell & Co. Limited» компаниясынан алынған несиелер бойынша сыйақы (мүдде) төлемдерінің бір бөлігін өтеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қыркүйек № 945

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 24 сентября 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 24 сентября 1998
Дата последнего изменениячетверг, 24 сентября 1998

"Мабко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен және "Deustsche
Morgan Grenfell & Co. Limited" компаниясынан алынған несиелер
бойынша сыйақы (мүдде) төлемдерінің бір бөлігін өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29
қыркүйек № 945

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, "Мабетекс-Сиагас" консорциумы және "Мабко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 1997 жылғы 10 қыркүйектегі келісімге сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, банктер мен басқа да қаржы мекемелері және "Deustsche Morgan Grenfell & Co. Limited" компаниясы арасындағы 1997 жылғы 20 ақпандағы несиелік келісімге сәйкес пайда болған "Мабко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Deustsche Morgan Grenfell & Co. Limited" компаниясы алдындағы Қазақстан Республикасының міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Өтеу шегерілген несиелендіру" бөлімі бойынша көзделген қаражаттан "Мабко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және "Deustsche Morgan Grenfell & Co. Limited" компаниясының шоттарына жалпы сомасы 2 023 314, 59 (екі миллион жиырма үш мың үш жүз он төрт 59 цент) АҚШ долларын төлесін, олардың:

1) "Мабко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына 885 104, 69 (сегіз жүз сексен бес мың бір жүз төрт доллар 69 цент) АҚШ доллары, оның 1 367,19 (бір мың үш жүз алпыс тоғыз доллар 19 цент) АҚШ доллары мерзімі өткен алдыңғы төлемдер үшін тұрақсыздық айыбы ретінде, 883 737,50 (сегіз жүз сексен үш мың жеті жүз отыз жеті доллар 50 цент) доллары кезекті сыйақы (мүдде) төлемдері ретінде;

2) "Deustsche Morgan Grenfell & Co. Limited" компаниясының пайдасына 1 138 209, 90 (бір миллион жүз отыз сегіз мың екі жүз тоғыз доллар 90 цент) АҚШ доллары, оның 709, 90 (жеті жүз тоғыз доллар 90 цент) АҚШ доллары мерзімі өткен алдыңғы төлемдер үшін тұрақсыздық айыбы ретінде, 1 137 500 (бір миллион бір жүз отыз жеті мың бес жүз) доллар кезекті сыйақы (мүдде) төлемдері ретінде.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, "Мабетекс-Сиагас" консорциумы және "Мабко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 1997 жылғы 10 қыркүйектегі келісімге сәйкес алынған 885104,69 (сегіз жүз сексен бес мың бір жүз төрт доллар 69 цент) АҚШ доллары мөлшеріндегі қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен келісім жасассын.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, банктері мен басқа да қаржы мекемелері және "Deustsche Morgan Grenfell & Co. Limited" компаниясы арасындағы 1997 жылғы 20 ақпандағы несиелік келісімге сәйкес алынған 1 138 209,90 (бір миллион бір жүз отыз сегіз мың екі жүз тоғыз доллар 90 цент) АҚШ доллары мөлшеріндегі қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен келісім жасассын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық полициясы комитеті Әділет министрлігімен бірлесе отырып, жоғарыда аталған 1997 жылғы 10 қыркүйектегі несие келісімін жасасумен байланысты фактілерге, оның Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігіне және одан туындайтын қаржы міндеттемелерін мемлекеттің орындауын тексеру жүргізсін. Тексерудің нәтижелері туралы ақпаратты бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!