Введите номер документа
Прайс-лист

Композитор Ғ.А. Жұбанованың есімін мәңгі есте қалдыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 9 қазан № 1023

Информация о документе
Датапятница, 9 октября 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 9 октября 1998
Дата последнего измененияпятница, 9 октября 1998

Композитор Ғ.А. Жұбанованың есімін мәңгі есте қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 9 қазан
№ 1023

КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аса көрнекті композитор Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Алматы қаласының әкімі:

Мемлекеттік ономастика комиссиясымен келісе отырып белгіленген тәртіппен Алматы қаласы көшелерінің біріне Ғазиза Жұбанованың есімін берсін.

     2. Ақтөбе облысының әкімі:

Алматы қаласының "Кеңсай" зиратындағы композитор Ғ.А. Жұбанованың қабіріне ескерткіш орнатсын:

Мемлекеттік ономастика комиссиясымен келісе отырып белгіленген тәртіппен Ақтөбе қаласы көшелерінің біріне Ғазиза Жұбанованың есімін берсін.

3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ғазиза Жұбанованың "Музыка - менің өмірім" деген кітабын және Ғ.А. Жұбанованың музыкалық шығармаларын (опералар, балеттер, симфониялар және т.б.) басып шығаруды жүзеге асырсын.

4. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі:

Ғ.А. Жұбанованың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм шығаруды ұйымдастырсын.

5. Тиісті министрліктер мен ведомстволар 1999 жылға арналған іс-шаралар жоспары мен басылымдардың тізбесін бекітуі кезінде 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Демалысты ұйымдастыру және мәдениет саласындағы қызмет" деген 08 функционалдық тобы бойынша көзделген лимиттің есебінен және оның жоғары шегінде осы қаулының 3,4-тармақтарында көзделген шараларды жүргізуді ескерсін.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом