Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қараша № 1156 Қаулысы (2010.31.12. берілген толықтыруларымен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қараша № 1156 Қаулысы (2010.31.12. берілген толықтыруларымен)
Датасреда, 11 ноября 1998
Статус
Действующий
введен в действие с 11 ноября 1998
Дата последнего изменениясуббота, 22 января 2011

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қараша № 1156 Қаулысы

(2010.31.12. берілген толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру жөнінде одан әрі жүргізілетін шаралар туралы» 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 4075 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы (бұдан әрі - Академия) қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының құқықтары мен міндеттерінің құқылық иегері болып белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен Академияға, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, қайта ұйымдастырылған ұйымдардың мүлкін беретін болсын.

3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан оқуға жіберілген Академия тыңдаушыларының айлық стипендиясының мөлшері соңғы жұмыс орнындағы қызметтік жалақысының деңгейінде, алайда мемлекеттік жоғары оқу орындарының өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттары үшін белгіленген стипендияның мөлшерінен кем болмайтын етіп белгіленсін.

4. Академия басшысының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, көліктік қызмет көрсету шарттары бойынша орталық атқарушы орган басшысының лауазымына, ал Академия басшысы орынбасарларының лауазымы - орталық атқарушы органдар басшылары орынбасарларының лауазымына теңестірілсін.

ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1493 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Академияның профессор-оқытушылар құрамының, басшы қызметкерлерінің (ректор, вице-ректорлар, бөлімшелердің жетекшілері мен олардың орынбасарлары) лауазымдық жалақылары (ставкалары) Академияның бекітілген еңбекақы төлеу қоры шегінде 1,5-тен бастап 2,5-ке дейін арттыру коэффициенттерін қолдану арқылы айқындалады деп белгіленсін.

Лауазымдық жалақыға арттыру коэффициентінің нақты мөлшері лауазымдар санатына қарай сараланып және Академия ректоры бекітетін тәртіппен белгіленеді.

5. Академияға 6 қызметтік автомобиль лимиті, оның ішінде 4-і жеңіл автомобиль және 2-і шағын автобус болып белгіленсін.

6. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінің жанындағы Республикалық басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін көтеру салааралық институтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру институтына айналдыру туралы» 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 жыл, № 2, 14-құжат);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің» Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру институтының мәселелері» туралы 1996 жылғы 8 сәуірдегі № 393 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 жыл, № 14, 114-құжат);

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі туралы» 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 жыл, № 2, 19-құжат).

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!