Введите номер документа
Прайс-лист

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының шешімі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 28 желтоқсан № 1341

Информация о документе
Датапонедельник, 28 декабря 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 28 декабря 1998
Дата последнего измененияпонедельник, 28 декабря 1998

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының шешімі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы
28 желтоқсан № 1341

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Алматы облысының әкімі:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасына берілген ГАЗ-31029 автомобильдеріне айырбас ретінде 39713 (отыз тоғыз мың жеті жүз он үш) тонна мөлшерінде астық жеткізу немесе астықтың тиісті көлемінің толық жеткізілмеуінен келтірілген шығындарды өтеу жолымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының 1996 жылғы 3 қазандағы N С-1/15-96 шешімін орындауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;

2) толық жеткізілмеген астықтың құнын дәнді дақылдардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген шешімі шығарылған күні белгіленген орташа өлшемді бағасының, шын мәнісінде Ресей Федерациясына берілген дәнді дақылдардың түр-түрі мен сапасының (тиісті үлестерде) негізінде анықтасын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қоры қаражатының есебінен 7050 (жеті мың елу) теңгеге баламды Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің 1500000 (бір миллион бес жүз мың) есеп айырысу билеттері сомасында іс бойынша сот шегерімдерін төлейтін болсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом