Введите номер документа
Прайс-лист

Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына берілетін разрядты жүктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 қаңтар № 4

Информация о документе
Датавторник, 5 января 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 5 января 1999
Дата последнего изменениявторник, 5 января 1999

Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына берілетін разрядты
жүктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы
5 қаңтар № 4

"Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына көмір өндіру және өткізу жөніндегі "Көмір" акционерлік бірлестігі (Ташкент қаласы) үшін берілетін разрядты жүктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитіне:

1) 1997 жылғы 22 қазандағы N НВЗ-5/98-00159516 шарт бойынша "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамына (Мәскеу қаласы);

2) 1998 жылғы 10 сәуірдегі № 20 келісім-шарт бойынша 300 тонна көлемде "Знамя" ашық үлгідегі акционерлік қоғамына (Кисилевск қаласы);

3) 1998 жылғы 18 ақпандағы № 413/98 келісім-шарт бойынша "Искра" Новосібір механикалық зауытына (Новосібір қаласы) рұқсат етілсін.

2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Достастыққа қатысушы мемлекеттер Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің 1996 жылғы 5 сәуірдегі он бесінші мәжілісінде бекітілген Қауіпті жүктерді темір жол бойынша тасымалдаудың ережелеріне сәйкес жүктің Қазақстанның аумағы бойынша өтуінің қауіпсіздігі мен оған бақылау жасаудың ерекше шараларын қамтамасыз ете отырып тасымалдауды жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен транзиттік тасымалдауларға бақылау жасауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 
 
             
               
                    
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами