Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі жекелеген мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 ақпандағы № 82 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 4 февраля 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 4 февраля 1999
Дата последнего изменениячетверг, 4 февраля 1999

Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі
жекелеген мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 ақпандағы
№ 82 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «А.Б. Самақованы Қазақстан Республикасының министрі етіп тағайындау туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 27 Жарлығын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Министрінің қызметі аясындағы негізгі міндеттері:

отбасын әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдау мәселелерін үйлестіру;

халықаралық әйелдер ұйымдарымен отбасын, әйелдерді және балаларды қолдау мәселелері жөніндегі ынтымақтастық;

Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жекелеген тапсырмаларын орындау болып белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі екі апталық мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Министрі туралы ережені дайындасын және Үкіметтің бекітуіне енгізсін.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін, оның штат санын тиісінше 6 адамға ұлғайта отырып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелсін.

4. Қазақстан Республикасының Министрі үшін 1 қызметтік жеңіл автомобиль лимиті белгіленсін.

5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен министрліктер мен ведомстволардың штат санын жүргізіліп отырған қысқартуға байланысты республикалық бюджеттің босаған қаражатының есебінен Қазақстан Республикасының Министрін қаржыландыруды, сондай-ақ Премьер-Министрдің Кеңсесін қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом