Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 21 шілде 1992 ж. № 622

Информация о документе
Датавторник, 21 июля 1992
Статус
Действующийвведен в действие с 21 июля 1992
Дата последнего изменениявторник, 21 июля 1992

Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 21 шiлде
1992 ж. № 622

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы № 806 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына (Қазпатент) мынадай негiзгi мiндеттердi орындау:

өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында мемлекеттік саясат жүргiзу;

     бiртұтас патент жүйесiн құру;

өнертабыс пен патенттiк-лицензиялық жұмысты ұйымдастыру және жетiлдiру;

өнер табыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлерге, товар белгiлерiне және өнеркәсiптiк меншiктiң басқа да объектiлерiне қорғау құжаттарын беру;

     республиканың өнер табыстарын шет елдерде патенттеу;

өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

өз құзырының шегiнде заң және заңға негiзделген актiлердiң, нормативтiк құжаттардың жобаларын әзiрлеу;

өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласындағы мамандар мен патент сенiмгерлерiнiң қайта даярлануын, біліктiлiгiнiң арттырылуын және оларды аттестациялауды ұйымдастыру жүктелсiн.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына өзiне жүктелген мiндеттердiң шегiнде министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар ұйымдар және ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан республикадағы экономикалық қатынастардың басқа да субъектiлерi орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдау хұқығы берiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосының құрамында өнер табыстарын, өнеркәсiптiк үлгiлердi, пайдалы үлгiлердi, товар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiн таңдауды жүзеге асыратын, оларды пайдалануға патент иелерi шарттық негiзде мемлекетке ерекше хұқық беретiн Қазақстан Республикасы Өнер табыстарының мемлекеттік қоры құрылсын.

4.

5.

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосының орталық аппаратын ұстауға, сондай-ақ кадрларын даярлау мен қайта даярлауға қажеттi қаржы бөлетiн болсын.

7. Патент қызметiнiң бұрынғы Бүкiлодақтық орталығы кәсiпорынының Алматы филиалы мен Өнеркәсiптiк меншiк саласындағы кадрларды қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру жөніндегі бұрынғы Бүкiлодақтық институттың Алматы филиалы Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына бағындырылсын. Олардың қызмет етуiне қолайлы ұйымдастыру нысандарын таңдап алу мақсатында аталған құрылымдарды қайта құруды Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы жүзеге асырады.

8. Ведомство қызметкерлерiне қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына қызмет бабында пайдаланылатын 2 жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.

9.

     ЕСКЕРТУ. 4,5,9 және 11-тармақтарының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 
              1997.02.12. № 203 қаулысымен. 
     (10-тармақ)   .
     Ескерту. 10-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 05.12.1994 ж. № 1369
              қаулысымен.

11.

12. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосының өтiнiмi бойынша қажеттi техникалық құралдармен, телефон, телекс және телефакс арналарын бөлудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.

13. Алматы қаласының әкімі және Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосы мен Қазақстан Республикасы Өнер табыстарының мемлекеттік қоры үшiн бiр ай мерзiм iшiнде Алматы қаласынан қызмет үйiн бөлетiн болсын.

14. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы 2 ай мерзiм iшiнде "Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы туралы" Ереженiң жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне түсiретiн болсын.

15. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының ғылым және жаңа технологиялар министрлігі туралы" 1992 жылғы 12 наурыздағы № 221 қаулысы 7-тармағының бесiншi және жетiншi абзацтарының және 10-тармағының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами