Коньки спортынан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
жүлдесi үшiн дәстүрлi жарыстар өткізу туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 17 қарашадағы № 965 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.03.08. № 810 Қаулысымен күші жойылды
Республикамызда коньки спортын одан әрi дамыту, оның халықаралық ауқымдағы жетiстiктерiн бекемдей түсу, спорттық-техникалық нәтижелерiнiң өсуiн ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Туризм, дене тәрбиесi және спорт министрлігінiң коньки спортынан жыл сайын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жүлдесi үшiн дәстүрлi жарыс өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жүлдесi үшiн жарысқа қатысушыларды наградтауға, ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық және спринтерлiк көпсайыс бойынша алғашқы жүлделi үш орынға ие болғандарға кубоктар, бағалы сыйлықтар және:
1-орынға - 10 /он/ мың теңге
2-орынға - 7 /жетi/ мың теңге
3-орынға - 5 /бес/ мың теңге
ал ерлер мен әйелдер арасындағы жеке қашықтықтарда бiрiншi орын үшiн - 5 /бес/ мың теңге мөлшерiнде ақшалай сыйлықтар тағайындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жарыс жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне ақшалай сыйлық төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығыстарды Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлігіне спорттық-бұқаралық шаралар өткізу үшiн көзделген бюджет қаражаты шегiнде жүргiзетiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі коньки спортынан жарыс жүлдегерлерiн наградтау үшiн жыл сайын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің резервтiк қорынан жүлделер мен бағалы сыйлықтар алу үшiн қаржы бөлсiн.
5. "Қазақ ССР Министрлер Советiнiң жүлдесi үшiн коньки жарысы жеңiмпаздарына сыйлық беру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1955 жылғы 14 қаңтардағы № 17 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары