Бұрынғы Қазақстан коммунистiк партиясының қаржы қаражаты туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы
30 қарашадағы № 1009 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ ССР-iнiң территориясындағы СОКП мүлкi туралы» 1991 жылғы 25 тамыздағы Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi бұрынғы партия комитеттерiнiң есеп шоттарында тұрған, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорындардың, қауымдастықтардың, банктер мен басқа да коммерциялық ұйымдардың пайдалануына (жалға немесе жарғылық қорына) берiлген партия қаражатын, алынған дивидендтердi ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлтмембанкiнiң Алматы облыстық басқармасында ашылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң арнайы шотына екi апта мерзiм iшiнде аударылуын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлтмембанкiне бұрынғы партия комитеттерiнiң ақша қаражатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң орталықтандырылған шотына жедел аудару ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiне партия қаражатының толықтай аударылуына бақылау жасайтын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, 1993 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнде бұрынғы Қазақстан Коммунистiк партиясының қаржысын халықтың әлеуметтiк мұқтажына жұмсауды көздесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары