Ұлттық валютаның айырбас бағамының саясаты туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 сәуірдегі № 360 Қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Ұлттық валютаның айырбас бағамының саясаты туралы ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 сәуірдегі № 360 Қаулысы
Қазақстан экономикасының бәсеке қабілетін қалпына келтіру, елдің сыртқы сауда тепе-теңдігін жақсарту, оның алтын валюта резервін ұлғайту және экономикалық өсуді қайта бастауға алғышарттар жасау мақсатында, сондай-ақ Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымдарына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылдың 5 сәуірінен бастап ұлттық валюта - теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режиміне көшуі туралы шешімі мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын түпкілікті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами