Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Бас архив басқармасы қызметінің мәселелері Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 мамырдағы № 393 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 17 мая 1993
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 августа 2005

Қазақстан Республикасының Бас архив басқармасы қызметiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы
17 мамырдағы № 393 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005.03.08. № 810 Қаулысымен күші жойылды

 

Республикада архив iсiнiң дамуын және құжаттардың түзiлуi мен құжат айналысы процестерiн мемлекеттік реттеудi, сондай-ақ жергiлiктi өкiмет және басқару органдарымен бiрлесе отырып, министрлiктер мен ведомстволардың, басқа ұйымдардың осы мәселелер жөніндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Бас архив басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы (Қазақстан Республикасының Бас архивi) болып қайта құрылсын.

     2. Архивтер мен құжаттама Бас басқармасына:

республиканың барлық аумағында архив iсi мен құжаттардың түзiлуi саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат пен мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының, жергiлiктi өкiмет және басқару органдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың және құжаттары мен архивтерi, архив қорлары мен коллекциялары жалпыұлттық құндылық болып танылатын жеке азаматтардың осы мәселелер жөніндегі қызметiн үйлестiру;

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын құру және оның қызметi, жұмыс iстеуi, архивтердi, архив қорлары мен коллекцияларын олардың қай жерде орналасқанына және меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру;

тарих пен мәдениеттiң деректi ескерткiштерiн қорғау және оларды мемлекеттік сақтауға қабылдауды ұйымдастыру;

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік архив қызметiн басқару;

архив iсi мен құжаттардың түзiлуi мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар даярлау;

республикада архив iсiн және құжаттар мен құжаттамаға қатысты бүкiл жұмысты өркендетудiң мемлекеттік бағдарламаларының жобаларын әзiрлеу және жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құрамына енетiн құжаттар бойынша ақпараттар желісі мен мәлiметтер базасын құру;

архив құжаттарын басып шығаруды, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында отандық тарихты объективтi баяндау, мәдениет пен тәрбиенi дамыту, халық шаруашылығының мiндеттерiн шешу мақсатында пайдалану мен жариялауды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасының аумағында архив iсi жөніндегі заңдардың сақталуына, мекемелердiң, ұйымдардың және кәсiпорындардың, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан архивтер мен құжаттамаларды жүргiзудiң белгiленген талаптарын орындауына мемлекеттік бақылау жасау;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік архив қызметi мекемелерiнiң шетелдiк байланыстарын дамыту және үйлестiру, архив iсi мен құжаттаманы басқару жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң архив iсi мен құжаттаманы басқару мәселелерi жөніндегі, соның iшiнде бұрынғы КСРО мемлекеттік архивтерiне қатысты құқықтық мұрагерлiк мәселелерi жөнiнде көпжақты және екiжақты келісімдердi жүзеге асыру.

3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасының жүйесiне Қазақстан Республикасының барлық Мемлекеттік архив қызметi мекемелерi, соның iшiнде архив iсi мен құжаттаманы басқарудың республикалық және облыстық органдары, әр түрлi бағдардағы мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, жергiлiктi әкiмшiлiктер жанындағы аудандық (қалалық) архивтер мен құжаттарды микрофотокөшiрмелеу және қалпына келтiру лабораториялары кiредi деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 28 адамнан тұратын (қызмет көрсету және ғимаратты қорғау жөніндегі қызметшiлердi есептемегенде) болып белгiленсiн.

5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасына басқарма бастығының бiр орынбасары мен 7 адамнан құралған алқа болуына рұқсат етiлсiн.

6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы мемлекеттік басқару органдарын ұстауға арналып республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн.

7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасының бастығына белгiленген адам саны мен еңбекақы қоры шегiнде Бас басқарманың орталық аппараты мен оған ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң құрылымы мен штатын бекіту құқы берiлсiн.

8. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасына қызмет бабында пайдаланылатын бiр жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.

9. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы туралы ереженiң жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi табыс етсiн.

     10. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

Қазақстан ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Бас архив басқармасы туралы ереженi және Қазақ ССР-iнiң орталық мемлекеттік архивтерiнiң жүйесiн бекіту туралы" 1980 жылғы 15 тамыздағы № 326 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1980 ж., № 18, 45 бап);

Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Юстиция министрлігі жанындағы Бас архив басқармасын Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Бас архив басқармасы етiп қайта құру туралы" 1989 жылғы 27 қаңтардағы № 48 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1989 ж., № 7, 28 бап).

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами