Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрамында аймақтық емдеу-диагностикалық орталығын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 шiлдедегі № 619 Қаулысы
(2015.28.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң № 167 медициналық-санитарлық бөлiмiнiң базасында Аймақтық емдеу-диагностикалық орталығын, кейiннен осы ұйымдасушы орталықтың құрамына № 52605 әскери бөлiмнiң әскери ауруханасын енгізу туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық ядролық орталығының ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына, базасында емдеу-диагностикалық орталығы ұйымдастырылған ұйымдардың мүлкiн иелену, пайдалану мен басқару құқын берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1993 жылдан бастап Аймақтық емдеу-диагностикалық орталығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арқылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1098 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi