Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Жамбыл облысының Шу алқабы аймағында өсетін жабайы сораны халық тұтынатын тауар ретінде дайындау мен ұқсату туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 11 қазан 1993 ж. № 1003

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Жамбыл облысының Шу алқабы аймағында өсетін жабайы сораны халық тұтынатын тауар ретінде дайындау мен ұқсату туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 11 қазан 1993 ж. № 1003
Дата:понедельник, 11 октября 1993
Статус:
Действующий
введен в действие с 11 октября 1993
Дата последнего изменения:понедельник, 11 октября 1993

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Жамбыл облысының Шу алқабы аймағында өсетiн жабайы сораны халық
тұтынатын тауар ретiнде дайындау мен ұқсату туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 11 қазан 1993
ж. № 1003

Жамбыл облысындағы Шу алқабының аймағында көптеп ұйыса өсетiн жабайы сораның құрамында есiрткiнiң үлкен мөлшерi болуы салдарынан көптен берi нашақорлыққа қарсы күрес ұйымдастыруда елеулi проблемалар туғызып, әрi республикадағы қылмыстық ахуалдың күрделене түсуiне себепшi болып отыр.

Құрамында есiрткi бар осынау өсiмдiктi құрту жөнiнде жасалған әлденеше әрекет тиiмдi әдiстеменiң болмауы салдарынан күткендегiдей нәтиже бермедi.

Республиканың құқық қорғау органдары жыл сайын көп қаржы шығындап, жұртшылықты қатыстырып, сондай-ақ едәуiр мөлшерде ауыл шаруашылық техникасын пайдалана отырып, сораны құрту және есiрткi шикiзатын дайындау мен әкетудiң жолын кесу жөнiнде кең ауқымды алдын алу шараларын жүргiзуде.

Осыны ескерiп және Жамбыл облысы әкімінiң Шу аймағында жабайы өсетiн сораны жеңiл және тамақ өнеркәсiбi үшiн шикiзат ретiнде пайдалану туралы ұтымды ұсынысын мақұлдай келiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiне "Легпром" Мемлекеттік холдинг компаниясымен және "Тағам" Мемлекеттік акционерлік компаниясымен бiрлесiп, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімінiң қатысуымен Шу алқабы аймағында жабайы сораны дайындау мен оны халық тұтынатын тауар ретiнде ұқсату жөнiнде ашық үлгiдегi "Азия" акционерлік компаниясын құру тапсырылсын.

2. Жамбыл облысының әкімі жайылымды бұрынғы қалпында қалдыруды ескере отырып, жабайы сора өсетiн жер учаскесiн өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн "Азия" акционерлік компаниясына бөлiп беретiн болсын.

3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі барлық технологиялық тiзбек бойынша шикiзатты есепке алу мен қорғау жүйесiн пысықтасын және "Азия" акционерлік компаниясы қаражатының есебiнен қажеттi мөлшерде қызметкерлер бөлсiн.

4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Экология және биоресурстар министрлігі, Қазақ Ауыл шаруашылық ғылымы академиясы, "Легпром" мемлекеттік холдинг компаниясы, "Тағам" Мемлекеттік акционерлік компаниясы және Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi "Азия" акционерлік компаниясының қызметiне жәрдем көрсетсiн.

5. Қазақстан республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі "Азия" акционерлік компаниясын қаржыландыру, соның iшiнде шет ел инвесторларын тарту есебiнен қаржыландырудың көздерiн айқындасын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi                                  

Добавить в список основных источников в Google

Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!