Введите номер документа
Прайс-лист

«Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылыс кешенін қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 12 қазан 1993 ж. № 1018

Информация о документе
Датавторник, 12 октября 1993
Статус
Действующийвведен в действие с 12 октября 1993
Дата последнего изменениявторник, 12 октября 1993

"Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылыс кешенiн қайта құру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 12 қазан
1993 ж. № 1018

"Байқоңыр" ғарыш айлағының қызметiн және Ленинск қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Азаматтық құрылыс ұйымдарының құрылымы жасалғанға дейiнгi өтпелi кезеңде "Байқоңыр" ғарыш айлағында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң әскери-құрылыс басқармасын жасақтауға рұқсат етiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Байқоңыр" ғарыш айлағының Бас әскери-құрылыс басқармасында қызмет атқарып жүрген офицерлердi "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң әскери құрылыс басқармасының құрамында одан әрi қызмет атқару үшiн белгiленген тәртiппен iссапарға жiберсiн;

"Байқоңыр" ғарыш айлағы Бас құрылыс басқармасының қазан - желтоқсанда запасқа шығарудан кейiн қалған мерзiмдi қызметтегi жеке адам құрамын (2500 адам) 1993 жылдың күзіндегі жасақтаудың квотасы есебiне Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң әскери құрылыс басқармасында қызмет атқаруы үшiн беретiн болсын;

өтпелi кезеңде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң офицерлерi құрылатын әскери құрылыс басқармасының әрбiр бөлiмшесiне командирлердiң жеке адам құрамымен жұмыс жөніндегі орынбасарлары қызметiн атқаруға iссапарға жiберiлiп, оларға Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі тиiстi құрылымдарының нормалары бойынша ақшалай үлес төленсiн;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі "Байқоңыр" ғарыш айлағының Бас әскери-құрылыс басқармасы таратылып, әскер бөлiмдерi толық құрамында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң әскери-құрылыс басқармасына берiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақтан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп, "Құрылыс" мемлекеттік холдинг компаниясының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң Бас әскери-құрылыс басқармасын тиесiлi негiзгi қорлар, базалар, әскери қалашықтар мен басқа мүлiктi 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінiң әскери-құрылыс басқармасына уағдаластық шарттармен жалға берiп, ал құрылыс және жанар-жағар май материалдарын, құрылыс техникасының қосалқы бөлшектерiн - ақысына беретiн болсын.

Объектiлер қосымшаға сәйкес "Байқоңыр" ғарыш айлағының Бас әскери-құрылыс басқармасының мүлкiн беру тәртібіне сай кезең-кезеңмен берiлетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
 
                                            Қазақстан Республикасы
                                            Министрлер Кабинетінің
                                            1993 жылғы 12 қазандағы
                                               № 1018 қаулысына 
                                                  қосымша
 
             "Байқоңыр" ғарыш айлағы Бас әскери құрылыс
             басқармасының мүлкiн берудiң тәртібі туралы
 

"Байқоңыр" ғарыш айлағының таратылатын Бас әскери-құрылыс басқармасының жылжитын және жылжымайтын мүлiк, негiзгi қорларын Ленинск қаласының әкiмшiлiгiне берудiң кезеңдерi мен көлемдерi:

     1 кезең - 1993 жылғы 1 қарашаға дейiн
 
     1. 85773 әскери бөлiмнiң мүлкi
     2. 83340 әскери бөлiмнiң мүлкi (келісілген көлемдегi техника)
     3. 86714 әскери бөлiмнiң ғимараты
     4. 71051 әскери бөлiмнiң мүлкi (555 жөндеу-механика зауыты)
     5. 18503 әскери бөлiмнiң автокөлiгi (келісілген көлемде)
     6. Орталық жанар-жағар май қоймасы

Мүлiктi берушi ұйымдардың есебіндегі құрылыс материалдары, қосалқы бөлшектер,арзанқол және тез тозатын заттар ақысына берiледi.

     7. "Долина" құрылыс материалдарын сақтау базасы.

Ленинск қаласындағы, сондай-ақ мәрелiк және техникалық кешендердегi құрылысы басталған тiзiмдегi объектiлерге, арналған "Долина" базасындағы құрылыс материалдары, конструкциялары, жабдықтар тиiстi объектiлердiң құрылысын жүргiзушi мердiгерлiк ұйымдарға ақысына берiледi.

     II кезең
 

Қазiргi құрылыс кешенiнiң жылжымалы және жылжымайтын мүлкiн, негiзгi қорларын концернге одан әрi тапсыру концерн құрылыс ұйымдарының жасақталуына қарай оның даму келешегi ескерiлiп, концернге тапсырылатын күрделi құрылыстың көлемi негiзiнде жүзеге асырылсын.

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами