Введите номер документа
Прайс-лист

«Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген шараларды іске асыру жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 сәуірдегі № 423 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 17 апреля 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 августа 2005

"Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген шараларды
іске асыру жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17
сәуірдегі № 423 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 778 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген дәрі-дәрмекпен жабдықтау, фармацевтік және медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында мына құрамда ведомствоаралық комиссия құрылсын:

     Ерлан Мұхтарұлы        - Қазақстан Республикасының Денсаулық
     Арын                     сақтау, білім және спорт вице-министрі,
                              төраға
 
     Төлебай                - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Қосиябекұлы              сақтау, білім және спорт министрлігі
     Рахыпбеков               Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы,
                              төрағаның орынбасары
 
     Серік Сапарұлы         - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Дүйсенов                 сақтау, білім және спорт министрлігі
                              Денсаулық сақтау комитетінің
                              Дәрі-дәрмекпен жабдықтау, фармацевтік
                              және медициналық өнеркәсіпті дамыту
                              басқармасының бастығы
 
     Алмас Олжабайұлы       - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары
     Қосынов                  білім министрлігі Нормативтік-құқықтық
                              қамтамасыз ету және халықаралық
                              ғылыми-техникалық ынтымақтастық
                              департаментінің директоры
 
     Геннадий               - Қазақстан Республикасы Ғылым және
     Николаевич               жоғары білім министрлігі
     Лепешкин                 Биотехнология жөніндегі ұлттық
                              орталығының бас директоры
 
     Серік Егелұлы          - "Дәрі-дәрмек" дәрілік құралдар
     Сұлтанов                 орталығы" республикалық мемлекеттік
                              қазыналық кәсіпорнының бас директоры
 
     Раушан Ғайсақызы       - Қазақстан Республикасы Энергетика,
     Сармурзина               индустрия және сауда министрлігі
                              Химия және мұнай химиясы
                              басқармасының бастығы
 
     Бауыржан               - Қазақстан Республикасының
     Жаңабекұлы Аймақов       Инвестициялар жөніндегі агенттігінің
                              директоры
 

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі 1999 жылдың 10 мамырына қарай Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

3. Ведомствоаралық комиссия "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамыту бөлігінде орындалуын ұйымдастыру және оның іске асырылуын бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, 1999 жылдың 30 мамырына қарай ұсынатын болсын.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі министрліктер мен ведомстволардың "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын дәрі-дәрмекпен жабдықтау мен Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамыту бөлігінде іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами