Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің қаулысы 14 ақпан 1994 ж. № 182

Информация о документе
Датапонедельник, 14 февраля 1994
Статус
Действующийвведен в действие с 14 февраля 1994
Дата последнего измененияпонедельник, 14 февраля 1994

Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты туралы ережені бекіту
туралы Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің
қаулысы 14 ақпан 1994 ж. № 182

Лауазымды адамдарға шетелге iссапарға баруға арналған қызметтiк паспорт берудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі қызметтiк паспортты берген кезде аталған Ереженi қатаң басшылыққа алатын болсын.

     Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 ақпандағы № 182 қаулысымен Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының қызметтiк
                     паспорты туралы
                        Ереже

1. Қызметтiк паспорт Қазақстан Республикасы азаматының ол шетелге жол жүргенде, шетелде тұрып жатқанда және Қазақстан Республикасына келерде жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

2. Қызметтiк паспорт Қазақстан Республикасынан дүние жүзiнiң барлық мемлекеттерiне бару үшiн жарамды.

3. Қызметтiк паспорт Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады және оны осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Консулдық басқармасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi бередi.

4. Қызметтiк паспорттың үлгiсiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiленген тәртiппен бекiтедi.

5. Қызметтiк паспорт 5 жыл мерзiмге берiледi. Оның қолданыста болу мерзiмiн Қазақстан Республикасы Сыртқыiсминiнiң Консулдық басқармасы мен оның шетелдiк мекемелерi ұзарта алады.

6. Қызметтiк паспорт осы Ереженiң қосымшасында көрсетiлген мемлекеттік қызметтегi лауазымды адамдарға берiледi.

7. Қызметтiк паспорттары бар адамдармен бiрге кетiп бара жатқан жұбайларға, 18 жасқа дейiнгi балаларға және жасы 18-ден асқан, тұрмысқа шықпаған қыздарға да қызметтiк паспорттар берiледi. 16 жасқа дейiнгi балалар ата-аналардың бiрiнiң паспортына жазылады.

8. Қызметтiк паспортқа паспорт иесiмен бiрге кетiп бара жатқан 16 жасқа дейiнгi балаларды жазудан, оларды жазудан шығарудан, шекараны кесiп өткенi туралы шекара органдарының белгiлерiнен, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң визаларынан басқа қандай да бiр жазбаларды енгiзуге тыйым салынады.

9. Қызметтiк паспорттардың бланктерi қатаң есеп жүргiзу құжаттары болып табылады. Олар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң өтiнiмi бойынша дайындалады.

Қызметтiк паспорттарды есепке алуды, сақтауды және жоюды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.

10. Шетелде қызметтiк паспортты жоғалтып алған жағдайда паспорттың иесi бұл туралы Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне дереу хабарлауға мiндеттi.

Егер паспорт республика аумағында жоғалған болса, паспорттың иесi дереу Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне мәлiмдеуге мiндеттi.

Жаңа паспортты беру келiп түскен ақпарат тексерiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.

11. Азаматтар шетелдiк iссапардан қайтқан соң қызметтiк паспорттар бiр апталық мерзiмде Сыртқы iстер министрлігіне тапсырылуға тиiс. Тапсырылған соң паспорттардың сақталуы үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жүктеледi.

12. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі халықаралық қауымдастыққа қызметтiк паспорттардың жаңа үлгiлерiнiң табыс етiлуiн қамтамасыз етедi.

13. Азаматқа берiлген қызметтiк паспорт заңда анықталғандай паспортты беруден уақытша бас тарту үшiн негiз болатын жағдайларда, сондай-ақ ол қолдан жасалғанда, заңсыз ресiмделгенде, қылмыс жасау үшiн пайдаланылғанда және Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда қайтарылып алынуы мүмкiн.

Қайтарып алуды құқық қорғау органдары, шекаралық және кедендiк қызмет орындары, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Консулдық басқармасы жүргiзедi және бұған сот тәртібімен шағым берiлуi мүмкiн.

14. Қазақстан Республикасының қызметтiк паспортын оның иесi республика аумағында азаматтық-құқықтық iстердi, қолданыстағы банк операцияларын және сенiмхаттарды ресiмдеуге пайдалана алмайды. Бұл шектеулер қызметтiк паспортты Қазақстан Республикасының аумағында оның шетелдегi ұзақ мерзiмдi iссапарға жүрген азаматы Қазақстан Республикасына келген кезiнде пайдаланатын жағдайларға таратылмайды.

     Ескерту. Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты даярланып,
              айналымға қабылданғанға дейiн Қазақстан Республикасының
              азаматтығына жататыны туралы белгi соғылған бұрынғы КСР
              Одағының қызметтiк паспорты күшiн сақтайды деп саналсын.
                                                    Қосымша
     Ескерту. Тiзбе жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 1994.12.13. № 1407
              қаулысына сәйкес.
       Қызметтiк iстер бойынша шетелге барар кезде қызметтiк паспорт
        алуға құқы бар Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының
                              Тiзбесi

Қазақстан Республикасы Президентінің аймақтардағы өкiлдерi, Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты, Жоғарғы Кеңесiнiң Аппараты басшыларының Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының, Қазақстан Республикасының Премьер-министрi орынбасарларының, Мемлекеттік кеңесшiлерiнiң, Қауiпсiздiк Кеңесi мен Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес хатшыларының көмекшiлерi

Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты, Жоғарғы Кеңесiнiң Аппараты мен Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының бөлiм меңгерушiлерiнiң орынбасарлары, сектор меңгерушiлерi, консультанттары, бас сарапшылары, аға сарапшылары мен сарапшылар, аға референттерi мен референттерi

Қазақстан Республикасының министрлерiнiң орынбасарлары, мемлекеттік комитеттерi (комиссиялары) төрағаларының орынбасарлары, Министрлер Кабинетi жанындағы комитеттердiң (комиссиялардың), бас басқармалардың, агенттiктердiң, ведомстволар мен бiрлестiктердiң бiрiншi басшыларының орынбасарлары

Қазақстан Республикасының министрлерiнiң, мемлекеттік комитеттерiнiң (комиссияларының), Министрлер Кабинетi жанындағы комитеттердiң (комиссиялаpдың), бас басқармалар мен агенттiктер басқармаларының, бөлiмдерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары. Қазақстан Республикасының министрлерi мен мемлекеттік комитеттерi (комиссиялары) төрағаларының көмекшiлерi

Қазақстан Республикасының мемлекеттік акционерлік және холдинг компанияларының, мемлекеттік кәсiпорындарының басшылары мен басшыларының орынбасарлары.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Конституциялық соты, Жоғары төрелiк соты аппаратының басшылары, бөлiм меңгерушiлерi және олардың орынбасарлары.

Қазақстан Республикасының облыстары, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң орынбасарлары, әкiмшiлiктер аппаратының басшылары мен олардың орынбасарлары, басқарма бастықтары мен олардың орынбасарлары, комитеттерiнiң төрағалары мен олардың орынбасарлары, бөлiм меңгерушiлерi мен олардың орынбасарлары

Қазақстан Республикасының қала әкiмдерi, әкiмдерiнiң орынбасарлары, әкiмшiлiктер аппаратының басшылары, басқарма бастықтары мен олардың орынбасарлары, комитеттерiнiң төрағалары мен олардың орынбасарлары, бөлiм меңгерушiлерi мен олардың орынбасарлары

Қазақстан Республикасының аудан әкiмдерi, әкiмдерiнiң орынбасарлары

Қазақстан Республикасы мемлекеттік банкiлерiнiң төрағалары мен олардың орынбасарлары, басқарма бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiм меңгерушiлерi мен олардың орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлігі мен әскери комиссариаттарының офицерлiк атағы бар қызметкерлерi, Бас Прокуратурасының аттестацияланған прокурор-тергеушi қызметкерлерi

Елшiлiктердiң, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелердiң, Қазақстан Республикасының шетелдегi сауда өкiлдiктерiнiң әкiмшiлiк-техникалық құрамы, сондай-ақ, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлік авиакомпаниясының, "Саяхат" авиакомпаниясының, Қазақстанның басқа авиакомпанияларының мемлекеттік және үкiмет делегацияларының халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге тартылатын ұшу-техникалық құрамдары.

     Ескерту. 12-шi абзац толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.31.10.
              № 1414 қаулысымен.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом